Басты » Редакция таңдауы » ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ҮЙ БҮЛІНІП ЖАТЫР

ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ҮЙ БҮЛІНІП ЖАТЫР

Өткен жылы жаңғыртылудан өткен көпқабатты үйдің тұрғындары жұмыстың сапасына ызалы. Олар біздің телеарна тілшілеріне шатырдан су ағатынын, кіре берістер мен үйдің сырты талапқа сай келмейтіндігін айтып арызданды.

     «Кем-кетіктер ретке келтірілмесе, біз бір тиын да төлемейміз». Республика даңғылының бойындағы №40 үйдің тұрғындары осылай деп наразылық танытып отыр. Олардың айтуынша, өткен жылы ғана мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңғыртылудан өткен үйдің шатыры сапасыз жабылып, жаңбырдың суы 5-ші қабаттағы бірнеше пәтердің ішіне өте бастаған.

     Мамандардың айтуына қарағанда, бағдарлама шарты бойынша тұрғындар мердігерлерді өздері таңдайды екен. Одан бөлек, үйдің қай жерін жаңғырту қажеттігі де тұрғындардың еншісінде көрінеді. Ал, мердігерлер болса, атқарған жұмыстарына үш жылға кепілдік беріпті.

     Айта кету керек, өткен жылы қалада 30-дан астам үй жаңғыртылған. Ал, жоғарыда аталған үйді жаңғыртуға қазынадан 10 млн теңгеге жуық қаражат қаралған. Бұл сумманы тұрғындар 15 жылдың ішінде қайтаруы тиіс.

Дәурен ДҮЙСЕБАЕВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*