Басты » Қоғам » «Шатқал» бағдарламасы сәтті жүргізіліп келеді

«Шатқал» бағдарламасы сәтті жүргізіліп келеді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен қолға алынған жобарының бірі – «Шатқал» бағдарламасы сәтті жүргізіліп келеді. Содан бері бос жатқан сай-салаға көшеттер егіліп, саябаққа айналуда. Шымкент қаласындағы 7 шатқалда осы уақытқа дейін 55 мыңға жуық көшет отырғызылған. Сондай-ақ, шатқалдағы көшеттердің жайқалып өсуі үшін жыл басынан бері 17 ұңғыма қазылып, 26 су қоймасы жасалды. Сол арқылы 30 шақырымға жуық суғару жүйесі тартылған. Шатқалдарға 16 шақырым қоршау орнатылды. Айта кетерлігі, Шымкент қаласындағы шатқалдардың жалпы аумағы 124 гектар жерді құрап отыр.

Әбдікерім Раджапов

ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің қызметкері, учаске басшысы

Қазіргі уақытта шатқалдарда тамшылатып суғару жүйесі орнатылған. Сондай-ақ, көшеттерді күтіп-баптау үшін әрбір шатқалда тұрақты мамандар жұмыс істейді Жалпы егілген көшеттердің өнімділігі 75 пайызды құрайды. Жалпы «Шатқал» бағдарламасы аясында Оңтүстікте 400 мың түптен астам жасыл желек егілген.

Жанболат МАЛАЕВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*