Басты » Қоғам » Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – ортақ міндет

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – ортақ міндет

Қазақстан халқы ассамблеясында өткен жиынға қатысушылардың пікірі осындай. Іс-шараға „Достық„ және „Парасат„ ордендерінің иегері Асылы Осман арнайы шақыртылды. Белгілі қоғам қайраткері мен өткен кездесуге облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Кездесудің мақсаты- Елбасы мақаласының байыпты бастамаларына қолдау көрсетіп, сындарлы тіл саясатының мән-мағынасын көпшілікке ұғындыру. Тілге құрмет-елге деген құрметтің белгісі. Өзге ұлттың өкілі болса да, қазақ тілін жетік меңгеріп, оны халыққа насихаттап жүрген, тіл жанашыры Асылы Әлиқызының шығармашылығы жиналғандарды қатты қызықтырды. Тіл жанашыры Елбасы мен көңілі дархан қазақ халқына өз алғысын жеткізді.

Асылы Осман

Қоғам қайраткері.

Мен айтқан болар едім, бұл Елбасымыздың даналығы,даралығы,ешкімді бөлмейтіндігі-жармайтындығы, барша Қазақстандықтарды бірдей көретіні.Топырақ иесі деп қазақта асқақтатып, өзге ұлтты былай санамай,Қайта солардың барлығын бірлікте,тірлікте болсын деп осындай ассамблея құрды.

Асылы Әлиқызы Осман Қазақстанға 1944 жылы келген.Грузия жерінен қоныс аударған қоғам қайраткері Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтын тәмәмдайды. Білімін одан әрі жетілдіру үшін Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының асперантура мамандығына тапсырады. Асылы Османның қазақ еліне сіңірген қажырлы еңбегі де зор. Тіл жанашырының осыған дейін 300- ге жуық мақаласы жарық көрген. Бүгінгі рухани кештен, көрермендер де мол әсер алды.

Айнұр Құралбекова

Көрермен

Асыл апайымызбен бүгінгі таңда кездесуге келгеніме өте қуаныштымын.Бұл кісі өзге ұлттың өкілі болса да,қазақ халқының тілін дамытуға және ғылымын ары қарай жалғастыруға өз үлес қосып жатқанына өте қуаныштымын.Осындай шаралар көп ұйымдастырылып тұрса деп тілейміз.

Кеш соңында қадірлі қонаққа облыстық ассамблеяның атынан сый-сияпат көрсетілді. Әсерлі әңгімелер мен қызықты сұхбаттар арқылы өрбіген рухани кеш көпшіліктің есінде көпке дейін сақталары күмәнсіз!

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*