Басты » Қоғам » Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік құны көтеріледі

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік құны көтеріледі

Әсіресе, 31-ші желтоқсан күні жеміс, көкөністердің бағасы бірден шарықтайды. Себебі, бұл көп жылдан бері жалғасып келе жатқан үрдіс. Бұл туралы саудагерлер арна тілшісіне берген сұхбатында айтты. Жаңа жылдық дастарханды жасау үшін, қанша қаржы керек? Әріптесіміз Таншолпан Арманқызы зерделеп көрді.

Жаңа жыл қарсаңында ет өнімдерінің бағасы тұрақты. Мәселен, жылқы етінің 1 келісінің құны 1200 теңгеден басталады. Қазы 2000-теңгеден саудалануда. Сиыр еті – 1450 теңге болса, қой еті 1200 теңгеден . Саудагерлер, ет өнімдерінің бағасы шарықтамайды дейді.

Жемістер мен көкөністер бағасы да құбылған жоқ. Алманың 1 келісі бұрыңғысынша 350 теңге. Ал, мандарин 600 теңге болса, жүзім 50 теңгеге қымбат. Саудагерлердің айтуынша, тек шетелден жеткізілетін жемістердің бағасы ғана көтерілген.

Бақтияр Сайдалиев

саудагер

Мандарин ғана көтерілді. Оның өзі Қытайдан жеткізіледі. Қалғаның бәрі сол бағада. 40 00:54 көтеріледі ғой. 31 желтоқсан. Тек 1 күнге.

Десекте, тұрғындар, саудагерлердің сөзімен келіспейді. Олардың бірі, Людмила Грозная. Зейнеткер, азық-түлік бағасының қымбат және қарапайым халықтың қалтасын қағады деп есептейді

Людмила Грозная

қала тұрғыны

Шымкентте баға көтерілген. Мен, болгар бұрышын алдым. Бағасы бұрыңғыдан көтерілген. Жеміс-жидектер де қымбат. 600 теңге. Менің алатын зейнетақым 60 мың. Тең жартысын азық-түлікке жұмсаймын.

Есептей келе, жаңа жылдық дастарханды жаюға шамамен 30-40 мың төңірегінде қаржы жұмсалады. Бұл бір айлықпен жан бағып отырған жанялар үшін аз ақша емес. Сондықтан билік өкілдері бағаны тұрақтандыру мақсатында жаңа жылдық жәрмеңке ұйымдастырмақ. Арзан, әрі сапалы өнімге қол жеткізгісі келгендер 30 желтоқсан күні әл-Фараби алаңына барып, ауыл шаруашлығы өнімдерін нарықтағы бағадан 20-30 пайызға дейін арзан сатып ала алады.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*