Басты » Қоғам » Қайырымды жандар тосын сый жасады

Қайырымды жандар тосын сый жасады

Жаны жомарт жандар Шымкенттегі аналар үйінде де жаңа жылдық мереке ұйымдастырды. Орталықта қазір 11 жанұя тұрады. 2018 жыл мекемедегі аналар үшін жаңалыққа толы болмақ. Өйткені кәсіпкерлер көмекке зәру азаматшаларға тігіншілікті тегін оқыту мүмкіндігін ұсынды. Тіпті алдағы уақытта оларды жұмыспен қамту мәселесі де жоспарлануда.

Бір қап тәтті сыйлықты ұстап жаңа жыл мерекесінің бас кейіпкері аналар үйіне ат басын бұрды. Қайырымды жандар орталықтағы ана мен балаға ерекше тосын сый жасап, мерекелік шара ұйымдастырды. Нәзік жандылардың сөзінше мұнда думанды кештер сирек өткізіледі. Ерекше әзірленген бағдарламаға сәйкес, түрлі сайыстарға қатысқандар қуанышқа кенеліп отыр.

24 жасар Диана Дүйсенова басына түскен қиындықтарға байланысты аналар үйінде тұрады. Алайда ол орталыққа келуге қандай себеп болғанын айтқсы келмеді. Өйткені ол өткен оқиғаны ұмытып, жаңа жылдан бастап жаңа өмір бастауға бел буған. Диана мұнда өзін бақытты сезінетінін айтып, мекемеде ана мен бала үшін толығымен жағдай жасалғанын жеткізді.

Ал Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері Диананың ұлына „тұсау кесер„ рәсімін өткізді. Сондай-ақ олар мекемедегі әрбір анаға нәрестеге қажетті барлық заттарды сыйлық ретінде үлестірді.

Қалдар ТҮНТЕКОВА

Шымкенттегі аналар үйінің үлестірушісі

Аяз ата менен қарша қызбен келіп, өз бағдарламасымен құттықтап кетті. Үлкен рахмет айтамыз. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын. Барлық отбасына бақ береке шаттық сыйлай берсін.

Ал төсек жабдықтарын шығаратын компания директоры, кәсіпкер Гаухар Насырова әйелдерге тауарын табыстап, оларға ақысыз тігін курсынан өту мүмкіндігін ұсынды. Тіпті алдағы уақытта оларды жұмысқа қабылдауға да дайын екенін жеткізді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*