Басты » Қоғам » Шымкентте химиялық заттарды өндіретін зауыт ашылады

Шымкентте химиялық заттарды өндіретін зауыт ашылады

Мекеменің қоршаған ортаға тигізетін зияны барма? Өндіріс орнының экологияға әсер ету дәрежесі кезекті қоғамдық тыңдауда талқыланды. Бұл компания құрылысты бастау үшін рұқсат қағаз бен жер теліміне де қол жеткізген.

Көпшілік тыңдауда алғашқы болып сөз алған Шымкент химия компаниясының директоры Малик Шыныбаев, облыста өзімізде полипропилен өндіру саласына қажеттілік туындағанын айтады. Әмбебап зауыт іске қосылса, полипропилен құбыры, қап және ыдыс аяқ шығаратын кәсіпорындар оны әзірлейтін арнайы шикізатпен қамтылады дейді. Дайын өнімді тіпті шетелге экспорттау да көздеуде. Мәселен Ресей, Қытай, және Түркияға жеткізіледі деген жоспарда түзілген.

Малик ШИНИБАЕВ

Шымкент химия компания„ ЖШС директоры

«Осы жоба іске асса, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 10 пайызға артады. Бұл шашамамен осы салаға қосымша 53 млрд теңге түседі деген сөз. Әрине аталған саланың дамуына қосатын үлесіде зор»

Жоба авторлары, зауыт ашылса, Қазақстанға полипропилен импорт мөлшерін азайтып, шетелге тәуелділікті кемітеді деп отыр. Айта кетсек, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау және қоғамдық пікірді ескеру заңда қарастырылған. Соған сәйкес көпшілік тыңдау өткізіліп отыр. Жиынға қатысушылар бұл нысан жанындағы кәсіпорындарға кері әсерін тигізбеу қажеттігінде ескертті.

«Мен индустриялық аймақ жайлы айтамын. Мұндағы нысандар бір біріне шағымдануда. Сондықтан айтайын дегенім, кәсіпорынның жұмыс жүргізу жүйесіне сақ болған жөн. «Бұл территорияда жер асты суларыда өтеді. Оны бақылап, мониторинг жүргізу керек. Шностың аймағында 25 ұңғыма бар. Біз оны бақылап, жер асты суларында қиындық туындамағанын тексердік. Егер осы жағдайды толық ескеріп, жұмыс жасасаңыз экология және басқа сала қызметкерлерімен қиындық туындамайды. Химия зауыты 2019 жылдың екінші жартысында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*