Басты » Спорт » Дина Исламбекова: «Мен шаршы алаңда өз атымды емес, елімнің атын қорғаймын»

Дина Исламбекова: «Мен шаршы алаңда өз атымды емес, елімнің атын қорғаймын»

Ол бокстан қыздар арасындағы Әлем біріншілгінің екі дүркін күміс жүлдегері . Былғары қолғапты 14 жасында таңдаған ару рингте өнер көрсетіп жүргеніне еш өкінбейді. Себебі ол отбасының ғана емес, бүгінде өңіріміздің еліміздің мақтанышы айналып үлгерді. 17 жасында діттеген мақсатына жетіп, Әлем алдында Қазақстан намысын қорғап жүрген жерлесіміздің есімі Дина Исламбекова.

Дина қазақтың намысты қызы. Себебі сұхбат барысында жерлесіміз «Мен шаршы алаңда өз атымды емес елімнің атын қорғаймын» деді. Шыққан жеріңді, өсірген еліңді төмен қаратпау үшін барымды салам деген бұрымды қыздар үшін жұдырық түйістірудің соншалықты оңай еместігін де айтады.

Дина әр кездесуіне жауапкершілікпен қарайды. Қайсарлығы мен алған бетінен қайтпайтын мінезі қазіргі таңда оны оза шапқызып жүр. Бокстан Елімізде ғана емес әлемде көш бастап жүрген жүректі қыздың туған жерге әкелетін жеңісінің көп екеніне сенімдіміз.

Назерке ҮКІБАСОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*