Басты » Спорт » Жалғас Тайкенов елімізден шыққан алғашқы параканоэ шебері

Жалғас Тайкенов елімізден шыққан алғашқы параканоэ шебері

Елімізден шыққан тұңғыш параканоэ шебері Оңтүстік Қазақстан облысында жаттығып, өңір намысын қорғап жүр. Ақмола облысы, Атбасар өлкесінің тумасы 5 жасында көлік апатына ұшыраған. Салдарынан аяғына зақым келген Жалғас Тайкенов өмірдің салған сынағына жасып қалаған жоқ. Қазіргі күні еліміздің мақтаулы ескек есу шеберлерінің қатарында.

Жастайынан спортқа құмар болған Жалғастың жаттығуды бастауына көп адам қарсы болған екен. Шағын ғана ауылда өссе де арманы мен болашағына сенген өрен сонда да дегенінен қайтпаған. Көпшіліктің саған қиын болады деген сөзі ол үшін тосқауыл болмады.

Осылайша алға қойған мақсатынан қайтпаған қайсар жігіт воркауд спортымен шұғылдануды бастайды. Үздіксіз ізденіс пен толассыз жаттығудың арқасында спортшы өзіне топ та құрады. Жаны Еркіндік пен тәуелсіздікті қалайтын Жалғас көше спортында белгілі бір межені де бағындырады.

Ескек есумен жүре келе танысқан спортшы алғашында аталмыш спортты күреспен шатастырған екен. Жаңашылдыққа бейім намысты жігіт каноэде де бағын сынап көруді жөн санайды. Елімізден шыққан алғашқы параканоэ шебері осылайша кәсіпқой спортқа бет бұрады.

Жалғастың ескек есуден өткен алғышқы жарысы да есінде. Бір сәтте өте шыққан сайыс оның өміріндегі жеңісті жолды бастап берді.

Жеңісті жолы енді басталып келе жатқан Тайкеновтың жеңілетін кездері де болады. Сәтсіз өнер көрсеткен кезде ол өзін келесі жарысқа дайындайды. Табиғатынан намысшыл, аяғанды жаны сүймейтін өр жігіт өзгелерге де үлгі.

Назерке ҮКІБАСОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*