Басты » Қоғам » Өткен жылы Оңтүстікте 6,5 мың пәтер пайдалануға берілді

Өткен жылы Оңтүстікте 6,5 мың пәтер пайдалануға берілді

Өткен жылмен салыстырғанда өсім 61,8 пайызға артқан. Осы ретте, облыста алдағы уақытта көпқабатты тұрғын үй салу қарқыны еселене түспек. Яғни, 2018 жылы өңірде осы жылдан өтпелі көпқабатты 154 тұрғын үйдің құрылысы мен қосымша жаңадан көпқабатты 100 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. Жалпы өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасының барлық бағыты бойынша 620 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға беріліп, осының нәтижесінде оңтүстік қазақстандық 6 553 отбасы баспаналы болды. Құрылысы біткен үйлердің ішінде 347,2 мың шаршы метрі көпқабатты болса, 272,3 мың шаршы метрі жеке тұрғын үй. Аталған тұрғын үй құрылысына 36,9 млрд теңге көлемінде инвестиция салынды. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 8,9 пайызға артық. Оның ішінде 18,8 млрд теңге мемлекеттік инвестицияларды құрайды.

Динара СӘРСЕНБАЕВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*