Басты » Қоғам » Ата-аналар жаңа жобаны қолға алды

Ата-аналар жаңа жобаны қолға алды

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары жаңа жобаны қолға алды. Олар перзенттерінің көңілін көтеру үшін арнайы жаңа жылдық кеш ұйымдастырды. Шымкент қаласының әкімдігі де игі шарадан қалыс қалмай, бүлдіршіндерге сыйлықтар тарту етті.

Көкен Абылайхан 6 жаста. Оның сөйлеу қабілеті әлі де дамымаған. Сондықтан бүлдіршін қазіргі таңда құрдастары ұқсап анық сөйлеуді армандайды. Ал анасы түрлі логопедтерге апарып, тілінің дұрыс шығуы үшін, жаттығулар жасатып жүр. Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған мерекелік іс-шара ана мен баланың жүзіне қуаныш ұялатты. Мұндай іс-шараға алғаш рет қатысып отырғандарын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Мадина Атамбекова

қала тұрғыны

Біз бірінші рет қатысып отырмыз.Бірақ, осындай шаралар жиі ұйымдастырылып,біздің балаларымызға көбірек көңіл бөлінсе екен дейміз.Біз осында ешқандай ақысыз түрде шақыртылдық. Балаларымызға тегін тамақтар беріліп, қызықты шаралар ұйымдастырылып жатыр. Біз өте қуаныштымыз.

Мерекелік іс-шараға Облыстық славян этно-мәдени орталығының өнерпаздары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Және де түрлі шоу бағдарламалар ұйымдастырылып, жаңа жылдың басты кейіпкерлері балаларға қызықты ойындар ұсынды.

Бүлдіршіндердің көңілін көтеру үшін ұйымдастырылған мерекелік іс-шараның соңы әсем әнмен аяқталды. Қызықты кештен ерекше әсер алған бүлдіршіндер көңілді тарқасты.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*