Басты » Қоғам » Ертегілер әлеміне саяхат

Ертегілер әлеміне саяхат

Оқушылар сарайында „Славян этно-мәдени„ орталығының ұйымдастыруымен жаңа-жылдық кеш өтті. Мерекелік шараға мектеп жасындағы оқушылар қатысты. Думанды кеште балалар шыршаны айналып, Аяз атаның қолынан сыйлықтар алды. Ертегілер әлеміне саяхат жасап, балалықтың бақытты сәттерін сезінді.

Оқушылар сарайында„ ерекше безендірілген шырша көздің жауын алады. Бұл мерекелік шараны тамашалауға облыстың барлық аудандарынан келген 200- ге тарта бала қатысты.

Мерекенің жоғары деңгейде өтуіне Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі қолдау көрсетті.

Марина Лимаренко

Славян этно-мәдени орталығының басшысы

Бүгінгі Оқушылар сарайындағы жаңа-жылдық қойылымның өтуі Қазақстандағы Ресей Федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл мерекеге тек қала емес, сонымен қатар облыстың барлық аудандарынан балаларды шақырдық. Оқушылар сарайында өтетін мейрамдар үнемі қызық, ол тек Аяз ата мен Ақшақар емес, сондай-ақ ескі тауық жылын шығарып салып, жаңа жылды қарсы аламыз. Біз, міне қазыр сол кештің қызықты өту процесін бақылаудамыз.

Мерекелік кеш екі тілде жүргізілді. Оқушылар сарайының шәкірттері бар өнерлерін ортаға салды. Мерекеге келген ертегі кейіпкерлері тек балаларды ғана емес, үлкендерді де ертегілер әлеміне жетелеп, ерекше әсер сыйлады. Ал балалар жаңа жылдық тақпақтар айтып, Аяз атадан сыйлықтар алды.

Славян этно-мәдени орталағының басшысы болашақтағы жоспарларымен де бөлісті. «Рождество», «Масленица», «Славян полянасы» атты дәстүрлі мерекелердің жоғары деңгейде атап өтілетінін айтып, тұрғындарды ат салысуға шақырды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*