Басты » Қоғам » Биыл өңірде қызметтік 20 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ

Биыл өңірде қызметтік 20 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен биыл өңірде қызметтік 20 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынатын баспаналар өңірдегі тоғыз ауданда бой көтереді. Он пәтерден тұратын екі қабатты типтік үлгідегі тұрғын үйлердің құрылысы бірінші жартыжылдықта аяқталады деп жоспарлануда. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 1,6 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Аталған баспаналар мұғалімдер мен медицина және жергілікті полияция қызметкерлеріне, өзге де бюджет саласында еңбек ететін азаматтарға үлестірілмек. Бүгінде тұрғын үйлердің жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Айта кетейік, аталған тұрғын үйлер аудан мен қалалардағы 20 елді мекенде салынатын болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*