Басты » Қоғам » «5 причин не влюбиться в казаха»

«5 причин не влюбиться в казаха»

Жаңа жыл қарсаңында қазақстандық көрермендер танымал актриса әрі продюссер Әсел Садуақасованың кинотуысын тамашалады. Комедия жанрында түсірілген фильм «5 причин не влюбиться в казаха„ деп аталады . Кино неге мұндай ерекше атауға ие? Жауабын бірге анықтап көрейік.

Алғаш Алматы қаласында тұсауы кесілген кинокамедия жаңа жыл қарсаңында шымкенттіктердің көңіл күйін еселей түсті. Фильм режиссері Асқар Ұзабаев, Актриса Әсел Садуақасова мен басты рөлдердің бірін сомдаған жерлесіміз Саттар Ерубаев Оңтүстік халқымен жүздесіп, фильмнің ерекше тұстарын әңгімелеп, пікір алмасты. Ұтыс ойныдарын ұйымдастырып, үздік атанғандарға фильмнің билеттерін сыйға тартты.

Атауы ерекше бұл кинокомедия продюсер Әсел Садуақасова мен режиссер Асқар Ұзабаевтың бірігіп түсірген 3-ші жобасы. Бұған дейін «Келинка тоже человек», және «Ninety one» фильмдері жарыққа шыққан болатын. Ал жаңа кинотуынды да қоғамның қызу талқысына ие болған – аралас неке тақырыбы әдемі әзілге арқау болған. Режиссердің айтуынша фильмнің жарыққа шығуына жастардың әлеуметтік желілерге жіпсіз байлануы себеп болған.

Асқар Ұзабаев

режиссёр

Фейсбуктағы қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығып жатқандығы туралы жазылған мақала арқылы менде идея пайда болды. Тақырыпқа арқау болар кино түсіргім келді. 118 күнде фильмді түсірдік. Ал монтажға болса 2-3 ай кетті.

Сюжетте Динара атты бойжеткен Францияда білім алып, үйіне француз жігітімен оралады. Мұны білген әкесі ашуға булығып қызының тек қазақ азаматына тұрмысқа шығуы керек екенін айтады. Ал бойжеткен болса трактор тізгіндеген қазақ жігітіне тұрмысқа шығуға келісіп, ол жігітті әкесіне жағымсыз етіп көрсету үшін барын салады.

Бас кейіпкердің таңдауы кімге түсер екен. Мұны кинотеатрға барып фильмді тамашалаған соң білетін боласыздар.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*