Басты » Қоғам » Шардара су қоймасында тасқын қауіпі жоқ

Шардара су қоймасында тасқын қауіпі жоқ

Өйткені мұндағы судың мөлшері жалпы көлемнің небәрі 30 пайызын құрап отыр. Бұл туралы “Каз Су Шар” су пайдалану бөлімінің басшысы Әбдіәшім Мейірман мәлімдеді. Мамандар ауа райының тосын сыйына да дайын екенін жеткізуде. Мәселен, қатты жауын болып, су тасқыны қауіпі төнген жағдайда, мұндағы су Сырдария бойымен ағын суға, Қызылорда облысы мен Аралға қарай құйылатын болады.

Облыс бойынша жалпы 19 су қоймасы тіркелген. Оның ішінде көлемі жағынан ең үлкені Шардара су қоймасы саналады. Алдағы уақытта билік басындағылар тағы 26 су қоймасын салу туралы жоспар әзірлеп қойыпты.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*