Басты » Қоғам » Кәсіпкер атанғысы келген әйелдерге 10 млн теңге бөлінеді

Кәсіпкер атанғысы келген әйелдерге 10 млн теңге бөлінеді

Бүгін, өз кәсібін ашып, қаржыға ие болғысы келгендер, „Нұр Отан„ партиясы филиалының ғимаратында жиналды. Әр бірі өз идеяларын ұсынып, оны жүзеге асыруға тырысады. Оларға бағдарламаның шартын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина түсіндірді.

Бүгінгі қоғамда кәсіпкерлердің 60 пайызын әйелдер құрайды. Ал, орта бизнесте нәзікжандылардың үлесі 50 пайыз. Шалғайдағы әйелдерді іскерлікке баулу үшін 2013 жылдан бастап, семинар-тренингтер өткізіле бастады. Осы аралықта, 9 мыңға жуық әйел қатысып, оның 41-не 4 мың АҚШ доллар көлемінде қайтарымсыз қаржылай қолдау көрсетілді.

Майра Айсина,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Оңтүстіктің әйелдері, бизнеске бейімделген. Үйдің шаруаларын бітіріп отырса, өз кәсібін үйде отырып дөңгелетіп, ақша тапсын деген мәселе.

Семинарға келгендердің бірі – Мархаба Ерметова. Төле би ауданынан келген ол, кәсібін аспаздықпен байланыстыруды қалайды. 3 баланың анасы, бұрын соңды жұмыс істемеген. Енді, мақсатын айқын қойып, жоспарын жүзеге асырмақ.

Мархаба Ерметова

Төле би ауданының тұрғыны

Өзім аспаздықпен айналысқым келеді. Түрлі тәттілер даярлауға құмартамын. Сондай-ақ, мал шаруашылығымен де айналысқым келеді. Өзіміз үйде мал бағумен айналысамыз. Үйдің алаңында огородымыз бар. Жеміс-жидек те өсіремін. Барлығы түсіндірді. Қызығып қалдық.

Трейнингке қатысқан әйелдер, бизнес жоспарларын түзіп, таныстыратын болады. Үздік шыққандарына 1 млн 200 мың теңге қайтарымсыз қаржы беріледі.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*