Басты » Редакция таңдауы » АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

«Бақыт гүлін терген күн». Осындай атпен ұйымдастырылған мерекелік кеш, Саттар Ерубаев атындағы номері 24 жалпы орта мектебінде өтті. Ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында оқушылар, ардагерлерге құрмет көрсетіп, көңілдерін көтерді. Концерттік бағдарламада жылы сөздер айтылып, қариялардың құшақтары гүлге толды.

Осылайша бір сәт көңілдері көкке жеткен батыр ардагерлер, қуаныштан көздеріне жас келді. Әр қашан құрмет пен қошеметке лайық қариялар, мектеп оқушылары көрсеткен майдан туралы сахналық көріністі тамашалады. Сөйтіп, ерлікпен қаза тапқан жандардың рухына бас иіп, үнсіздікпен еске алды.

Айнұр БЕКАСАНОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*