Басты » Тараусыз » Электрондық үкіметке көшу заман талабы

Электрондық үкіметке көшу заман талабы

Қызмет көрсету саласында құқық бұзушылық көбіне жер мәселесі кезінде орын алады. Осындай жағдайларды болдырмау үшін облыста арнайы жұмыс тобы құрылды. Мақсат: азаматтардың ұсыныс-пікірлерін мен арыз-шағымдарын тыңдап, оларға билік тарапынан қолдау көрсету. Осы арқылы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу.

Электронды үкіметке көшу заман талабы. Өйткені бүгінде мемлекеттік қызмет көрсететін қай мекемені алсаңызда ұзын сонар кезекті байқау қиын емес. Ал электронды үкімет арқылы қажетті құжатты үйде отырып — ақ, алуға болады. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл департаменті осы жаңалықты халыққа насихаттауды бастады. Департамет басшысының айтуынша, электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызметтің 30-дан астам түрін пайдалануға болады. Сондай-ақ қызметтің бұл түрі сыбайлас жемқорлықты азайтуға ықпал етеді.

Қарабұлақ ауылы тұрғындарыда игі бастамаға жылы лебіздерін білдіріп жатты. Қызмет көрсетудің бұл түрін жақсы ұғынып, тез меңгеруге сенім білдірді. Сағаттап күтетін анықтаманы, енді үйде отырып, әп сәтте алуға болатынын түсінген тұрғындар, жұмысшы топтың әрекетін жоғары бағалады..

Мұхиддин Сиддиков

Сайрам ауданының құрметті азаматы

Бұл қазіргі таңда өте қажетті мәселе. Себебі кейбір адамдар орталыққа баруға да қаражат таппайды. Сондай болатын кезде, үйде отырып алуға мүмкіндік жасалғанын жаңа айтып өтті. Бұған біз ауыл тұрғындары атынан ол кісіге, басқармаға өзіміз рахметімізді айтамыз.

Жұмысшы топтың ендігі сапары Сарығаш ауданында жалғасады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*