Басты » Қоғам » Мамандар заманауи технологияғы қол жеткізе алмай келеді

Мамандар заманауи технологияғы қол жеткізе алмай келеді

Мамандар ғасырда қаланған ескі ғимаратта жұмыс істеуге мәжбүр. Бүгін, олардың жан айқайын, ҚР парламентінің Мәжілісінің депутаттары тыңдады. Халық қалаулылары бұл мәселені, 15 — ші қаңтар күні өтетін үкіметтік сағатта көтеретін болады.

Облыстық сот — медициналық сараптамалық институты қызметкерлерінің жұмысымен танысу үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Дүйсенбинов пен Кеңес Абсатиров келді. Халық қалаулыларымен жүздескен сараптама институтының мамандары түйіткілді мәселерінің шешімін сұрады. Себебі, олар тозығы жеткен ғимаратта, ескі құрал-жабдықтармен жұмыс істеп келеді.

Сәуле Дәулетова

ОҚО сот-медициналық сараптамалық институтының химия-биология зертханасының меңгерушісі

Ең бірінші мәселе — құрал-жабдықтар базасын жаңартып, халықаралық стандартқа сай болу. Мәселен, бізге заттардың табиғатын анықтайтын жабдық қажет. Себебі, есірткілердің небір түрі пайда болды. Біз олардың түрлерін зерттеп, анықтай алуымыз керек. »

Қызметкерлердің айтуларынша, зертханада қажетті жабдықтар 10 жылдан бері жаңартылмаған. Олардың жұмыстарын жандандырып, жаңа деңгейге көтеру үшін, заманауи технологиялар ауадай қажет.

Берік Дүйсенбинов үкімет сағатында сот сараптамалары институттарының филиалдарын ашу, ғимараттарын жөндеп, қызметкерлердің жалақысын көбейтіп, жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау мәселелерін көтермек.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*