Басты » Қоғам » Сот ісі алғаш рет электрондық форматта өткізілді

Сот ісі алғаш рет электрондық форматта өткізілді

Шымкентте 30 жасар азамат туған әпкесінің үйіне ұрлыққа түскен. Жылытқыш пешті қолды қылған бауырының бұл әрекеті сотта қаралды. Бірақ әпкесінен кешірім сұрап жазадан құтылып кетті. Бұл іс Абай аудандық сотында алғаш рет электронды форматта өткізілді.

Әпкесінің үйде жоқтығын пайдаланбақ болған ол, есіктің қосымша кілтін алып, үйге кірген. Мұнан соң төрде тұрған пешті ұрлап кетіп оны сатып үлгерген. Туған бауырына жаны ашымаған азамат бұл әрекетін жоққа шығармайды. Ол өз кінәсін мойындап екінші рет қайталамаймын деп ант су ішті.

Ал жәбірленуші өз інісіне кешіріммен қарап, сот процесі барысында қылмыстық істі қысқартуды сұрады. Өз тарапынан сотқа арыз қалдырып, ұрланған заттың түгел өтелгендігін жеткізді. Сондықтан, судья айыпталушының ісін жіті қарап, шешім шығарды.

Алғаш рет электронды форматта өткізілген мұндай іс алғашқы рет Республика көлемінде қаралды. Мұндағы басты ерекшілік күдіктінің берген жауабы, тергеу қағаздары, арыз шағымдар электронды түрде жүргізілуінде. Нәтижесінде, заң саласының мамандарын қағазбастылықтан құтқарады. Сондай- ақ, уақытты тиімді жұмсауға, тергеу ісінің сапалы жүргізілуіне септігін тигізбек. Бұдан бөлек, айыпталушы азамат пен оның қорғаушысы интернет арқылы сот кабинетіне кіріп, іспен таныса алады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*