Басты » Тараусыз » Шымкентте оңалту орталығы пайдалануға берілді

Шымкентте оңалту орталығы пайдалануға берілді

Ел игілігі үшін ашылған оңалту орталықтары неврологиялық аурумен ауыратын балаларға арналған. Алғашқы мекеме 3 жасқа дейінгі сәбилерге қызмет көрсетсе, екінші орталық 3 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған. Су жаңа ғимараттарды облыс әкімі арнайы аралап көріп,ем алушылардың жай-күйімен танысты.

Салтанатты түрде ашылған №1 балаларды оңалту орталығы 2 қабаттан тұрады. Ғимарат заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда неврология,физиотеропия,дефектология бөлімдерімен қатар,уқалау,дене шынықтыру, нүктелі массаж сынды емнің түрлері көрсетіледі. Облыста бұрын-соңды сәбилерге арналған мұндай оңалту орталығы болмаған. Сондықтан тұрғындар балаларын Астана мен Алматы қалаларында емдетіп келген.

Зарина Қалдыбекова

ата-ана

Қаланың әкіміне рахмет айтам. Осындай оңалту орталықтарын көбейте берсе деп ойлаймын.Өйткені мен бұдан алдын Астанада да болдым.Біріншіден жол өте ауыр болады балаға , бұндай жағдайда жүруге,оның үстіне ақша да көп кетеді.

Ал пайдалануға берілген екінші орталықта 14 дәрігер-маман жұмыс атқарады. Мұнда медициналық қызметтің сапасын арттыру басты назарға алынған. Соның бір дәлелі арнайы бассейн бөлмесі. Бассейннің ішінде түрлі жаттығулар жасау гипергенез ауруынан айығуға көмектеседі. Орталықтың тағы бір ерекшелігі республикамызда болмаған роботтандырылған „Локамод„ аппаратының алынуы. Аппаратта жасалған жаттығулар бұлшық еттердің дұрыс жұмыс жасап,қайта қалпына келуіне ықпал етеді. Яғни, қимылдың жақсаруына өзіндік үлесі бар.

Мұқан Егізбаев

ОҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Біз керекті мамандардың барлығымен қамтамасыз еттік,керекті құрал-жабдықтарды алып бердік. Бұрын Алматы Астанаға баратын себебі мынау „Локамод„ деген аппарат бар қазір өздеріңіз көретін боласыздар. Бұл аппарат жүре алмайтын, тұра алмайтын ауруларды емдеуге арналған.

Облыста жүйке тірек қимыл аппараты бұзылған 2 жарым мың бала бар. Оның 1700-і сәбилер екен. Ал осындай балалардың тез оңалуы үшін арнайы орталықтар ашып, емдік шараларын жүргізу басты назарда.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*