Басты » Қоғам » «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

Елбасының Қазақстан халқына жолдауы, агроөнеркәсіп саласын дамытып, логистика, заманауи технология, жемқорлықпен күресті күшейтуді сынды өзекті мәселелерді қамтыды. Сондай-ақ, дамыған 30 елдің сапынан көрінуге ықпал ететін 10 негізгі бағытты бекітті. Елбасы жолдауын халыққа насихаттап, етене түсірмекке қоғам қайраткерлері білек сыбана кірісті.

Еліміз индустрияландыру, жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. Елбасының елге ұсынған жолдауының алғашқы бағыты осы. Яғни , елдегі кәсіпорындарды жаңғыртып, еңбек өнімділігінің деңгейін ұлғайту қажет. Сондай-ақ, баламалы энергия көздерінің үлесін көтеру де негізгі бағыттың бірі. Аграрлық өнеркәсіптің де жұмысын үдетіп, шикізатты қайта өңдеп, сапалы өнімді әлемдік нарыққа шығару да Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуге септігін тигізеді.

Мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуының нәтижесінде, халықты баспанамен қамту соңғы 10 жылда, 30 пайызға өсіп, 21,6 шаршы метрді құрады. Келесі мақсат, 2030 жылы 30 – ға жеткізу. Халықты айырықша қуантқан елбасының тапсырмаларының бірі – мұғалімдердің жалақысын 30 %-ға көйбейтуі. Сондай-ақ, жыл басынан бері ынтымақты зейнетақы 8 пайызға артты. Ал, денсаулығында кінараты бар, асыраушысынан айрылғандар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақы 16 пайызға дейін өсті. Жастардың да біліктілігін еселеуге берілген мүмкіндіктер еселенді.

Елбасы жолдауына жастар да асқан қызығушылық білдірді. Әр бағытымен етене танысып, елдің дамуына үлес қосқысы келгендер, жиынға қатысты.

Еліміз, өткен жылы әлемдік дағдарысты еңсеріп, кедейшілікті 13 есеге қысқартып, жұмыссыздықты 4,9 пайызға төмендетті.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*