Басты » Қоғам » Оңтүстікке сенатор Әлімжан Құртаев келді

Оңтүстікке сенатор Әлімжан Құртаев келді

Оңтүстіктен түлеп ұшқан халық қалаулысы, жерлестерімен жүздесіп, мәселелерін тыңдауды мақсат тұтқан. Сондай- ақ, өткен жылы атқарылған жұмыстар легін айтып, есеп беруге келген. ҚР Парламент сенатында 1 жылда қандай жұмыстар атқарылды?

Халық қалаулылары әр жылдың басында облыстарды аралап, қордаланған мәселелермен танысуды дәстүрге айналдырған. Бүгін Шымкентке ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев келді. Жиынды ол, елбасының Қазақстан халқына жолдауынан бастап, 10 негізгі мақсатты тереңірек түсіндірді.

Әлімжан Құртаев

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Бұл жолдау былтырғы жолдаулардың жалғасы болып табылады. Былтырғы жолдаулардағы айтылған істердің іске асырылу жолдары, бағыт-бағдары деп айтуға болады. Бұл жолдау еліміздің дамыған елу елдің қатарына енгізуге апарар жолдау болып отыр.

Депутаттың Оңтүстікке келудегі мақсаттарының бірі – Парламент сенатында 1 жылда атқарылған жұмыстармен бөлісу. Айтуынша, өткен жылы Парламентте 94 заңнамалық акт қабылданды. Конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ, халықаралық шарттар мен келісімдерді ратификациялауға бағытталған 40 заң қабылданды.

Халық қалаулысы, сайлаушылармен кездесіп, түйіткілді мәселелерін тыңдап, оның шешу жолына септігін тигізбек.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*