Басты » Қоғам » Енді алимент дебиторлық қарыздан өндірілуі мүмкін

Енді алимент дебиторлық қарыздан өндірілуі мүмкін

Бүгінде Парламентте әзірленіп жатқан жеке сот орындаушыларға қатысты заң жобасына осы тармақты қосу туралы ұсыныс түсіпті. Бұл туралы облыстық әділет департаментінде өткен жиында мәжілісмен Анар Жаилғанова мәлімдеді. Кездесуде мекеме қызметкерлері халық қалаулысына сұрақтары мен күрмеуі шешілмеген мәселелерін жолдады.

Айнұр ИСАБЕКОВА

Rөп жағдайда тәжірибеде жеке сот орындаушы барлық жұмысты жүргізседе алимент өндірілмей қалатын жағдай болады. Себебі ол жерде тек сот орындаушының емес, әкенің баласына қамқорлығыда бар. Осы мәселеге орай жоғары жақта қандайда бастамашылық барма?

Осылайша Айнұр Исабекова жеке сот орындаушыларына міндеттелген жұмыс тиісті деңгейде жүргізілгенімен, борышкерлер берешек қаражатты төлеуге асықпайды, деп отыр. Бірі жұмыссыздығын айтып ақталса, енді бірінің атында жылжымайтын мүлік те болмайды. Осылайша елімізде алимент төлеуден қашатын борышкерлер саны еселеніп барады. Мамандар бұл мәселені шешу жолдарын Астанадан арнайы келген Парламент мәжілісінің депутаты Анар Жаилғановадан тікелей сұрауға мүмкіндік алды. Халық қалаулысы қазір осы салада арнайы заң жобасы дайындалып жатқанын айтады.

Анар ЖАИЛҒАНОВА

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Біздің комитеттің депуттарының бастамасымен біз жеке сот орындаушыларының мәселесіне қатысты заң жобасын дайындап жатырмыз. Осы мәселені көтермекшіміз. Қазір осыған байланысты оның дебиторлық қарызынан өндіру туралы, бұрын сіздерде ондай құқық болған жоқ. Біз соны қазір қоспақшымыз.

Бүгінде республика көлемінде «Адвокаттық қызмет және заңгерлік көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қызу талқыға түскен. Ескі құжатта үміткер адвокат мәртебесін алу үшін шамамен 1 млн теңге бастапқы жарна төлеуі қажет. Алайда жаңа құжатта мамандыққа кіруді жеңілдету мақсатында кіру жарналарын төлеу пунктін алып тастау әзірленуде. Дегенмен бұл ұсыныспен облыстық адвокаттар алқасының төрағасы қарсы екенін жеткізіп, бастапқы жарнаны қалдыруды сұрап отыр.

Серік БАЙМҰРАТОВ

ОҚО адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы

Біздің 9 ауданда адвокаттар ғимараты жоқ. Бюджеттен ақша бөлінбеген. Жарна бергенде біз қамтамасыз етеміз. Жаңа заңда тыйым салынған жарна алуға. Бізде бастапқыда алмасақ басқа жарна жоқ.

Халық қалаулысы әзірге жаңа заң жобасы қабылданбағанын айтып, бұл мәселені Парламентте қарастыратынын жеткізді. Бұдан өзге жиында облыстық әділет департаментінде атқарылған жұмыс нәтижесі туралы баяндама жасалды. Мекеме басшысының сөзінше қазір мұнда электрондық форматқа ауысу шарасы қарқынды жүргізілуде.

Орынбасар Тастанов

ОҚО Әділет департаментінің басшысы

Қазіргі таңда біздің жылжымайтын мүлікті тіркеу саласы бұрн бюаламалы болған қазір 100 пайыз электрондық түрде жүргізіліп жатыр. Яғни нотариус мекемедегі жасалған іс шаралар шықпай-ақ сол жерде өткізіледі. Алдағы уақытта ахат саласыда баламалы жүргізіліп жатыр. Осыған орай жұмыс жүргізіліп жатыр.

Анар Нұралықызының айтуынша құқық қорғау саласындағы жаңадан енгізілген бақылау қызметі жөнінде заң жобасы әділет департаменті қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетпек. Өйткені күшіне енген құжатқа сәйкес, енді осы бақылаудағы құзіретті орган қаржы министрлігі болып белгіленді. Осыған дейін бұл жұмыс әділет министрлігіне міндеттелген.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*