Басты » Қоғам » Оңтүстікте жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы дау азаймай отыр

Оңтүстікте жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы дау азаймай отыр

Оңтүстікте өткен жылы 117 өндірістік жазатайым оқиға тіркеліп, 19 адам қызмет үстінде мерт болған. Ал, 17 кәсіпорын қызметкерлердің жалақысын төлемей, қарыз мөлшері 292 млн теңгеге жеткен. Еңбегінің ақысын айлар бойы ала алмаған жұмысшылардың құқығы қорғалды ма? Жұмыс барысында еңбек шарттары бұзылған жағдайда не істеу керек?

Оңтүстікте жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы дау азаймай отыр. Мәселен, 2017 жылы еңбек инспекциясына 2357 адамнан шағым түскен. Оның көпшілігі, еңбек шарттарының бұзылуы, кезекті демалысты мерзімінде бермеу, жалақыны кешіктіру сынды мәселер. Ал, еңбек заңнамасын бұзған 166 кәсіпорынға 19 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Өткен жылы өңірдегі 17 кәсіпорын 2174 қызметкердің жалақысын төлемей, 292 млн теңге қарыз болған. Қазіргі таңда, мұның 155 млн теңгесі қайтарылды. Басқарма басшысының айтуынша, еңбек шартының бұзылуы, қызметкерлердің заңды білмеуінің салдары дейді. Яғни, жұмысшылардың көпшілігі басшысымен ауызша келісіп, келесім-шарт түзбейтін көрінеді. Сондай-ақ, өзекті мәселердің бірі — қызметкерлердің өндірістік жазатайым оқиғаға тап болуы. Мәселен, өткен жылы мұндай 117 оқиға тіркеліп, салдарынан 19 адам көз жұмған.

Алмасбек Мамытбеков

ОҚО Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы

ҚР заңының талаптарын сақтамағаны үшін 168 кәсіпорын анықталған. 181 нұсқама берілді. 179-ы заңға сәйкестендірілді. 2-нің орындау мерзімі бар. 51 заңды тұлғаға 1 млн 800 мың теңге айыппұл салынды.

Оңтүстікте шетелден жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар 76 мекеме тіркелген. Кәсіп орындарда 27 мыңға жуық Қазақстан азаматтары жұмыс істесе, оның 3 мыңға жуығы шетелдік мамандар. Өткен жылы мекемелерге қатысты 16 тексеру жүргізіліп, 38 заң бұзушылық фактілер анықталған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*