Басты » Қоғам » Шымкентте тағыда еңбек дауы орын алды

Шымкентте тағыда еңбек дауы орын алды

Бұл жолы «Күзет хим монтаж» деп аталатын мекеменің жұмысшылары шу шығарды. Айтуларынша, олар 5 айдан бері жалақыларын ала алмай келеді. Еңбекақыны уақытылы бермеген басшылыққа ашынған 50-ге жуық қызметкер енді жұмысты тоқтатамыз деп отыр. Бүгінде еңбек құқығы бұзылған азаматтар тиісті мекемеге арызданыпты.

Күзет хим монтаж„ мекемесінің 50-ге жуық жұмысшысы маңдай термен тапқан жалақысына бес айдан бері қол жеткізе алмағанын айтып ашынады. Басшылықтағылар күзетшілерге ақысын әне береміз, міне береміз деп созбалаңға салуда. Талғат Ситеновтің сөзінше жұмыс беруші тарапынан осыған дейінде алатын небәрі 50 мың теңге ақысы кешіктіріліп берілетін. Тіпті еңбек дауы өз алдына, жұмысшылардың зейнетақы қорына мүлде ақша аударылмапты.

Талғат СИТЕНОВ

күзетші

Осындай екі үш айда бір беріп қояды. Өткендеде беріп қойған. Енді тамыздан бері жоқ. Жаңа жылға дейін берсе береді бермесе алалмаймыз. Пенсионный фонд мүлде жоқ. Жазылмаған неістерімізді білмейміз. 40+209 Бізде 45 адам бар коллективте солардың бәрі алалмай жүр.

Шарасыз күйде қалған жұмысшылардың кейбірі айлықты береді деген үмітпен жұмысын жалғастырып келеді.

Дәурен ТҰРАНОВ

күзетші

Тамыз айынан бері айлық алалмай жүрміз. Бастық әні болад ыміні болады деп, әлі сол келе жатырмыз. 24 + 48 жұмысты жалғастырып жатырмыз енді. Болмаса қоюмыз деп отырмыз енді өзімізше.

Аталған мекеме „Шымкент Хим монтаж„ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күзет агенттігі. Түсірілім тобы басшылықтан сұхбат алу үшін мекемеге барған болатын. Алайда жауаптылардың біріде төбе көрсетпеді. Әріптестерінің сөзінше Күзет Хим монтаж басшысы өз еркімен жұмыстан шығып кеткен.

Бүгінде құр уәдеге сенбейтін күзетшілер еңбек инспекциясына арызданып үлгерген. Ендігі бар үміт тексеру жұмыстарының нәтижесінде дейді ашынған жұмысшылар. Басқармадағылар да шағымның түскенін растап отыр.

Бегман НҰРМАХАНОВ

ОҚО еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары

Сол шымкент хи монтаж серіктестігінің күзет агенттігі. Ол бойынша арыз шағымдар түсіп қаралып жатыр. Толық біткен соң, шешім қабылданған соң айтылады.

Енді мамандар істің ақ қарасын анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізетін болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*