Басты » Қоғам » Қала өмірін оңтайландыру мақсатында «Smart-City» жүйесі ендіріле бастады

Қала өмірін оңтайландыру мақсатында «Smart-City» жүйесі ендіріле бастады

Бүгінгі таңда, «Ақылды қаланың» үлгілік концепциясы бекітіліп, қолжеткізу индикаторы айқындалған. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланған жиында айтылды. Жоспарға сәйкес «Ақылды қаланы» дамыту бағытына 11 сала енгізілген. Олар – білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала, көлік, мемлекеттік басқару, ауыл шаруашылығы, экология, туризм, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құрылыс саласы. Бүгінгі таңда цифрлық кеңсе тарапынан әрбір бағалауға енгізілгін салалар бойынша цифрлық технологияларды енгізу жоспары әзірленді. Қазірдің өзінде Шымкент қаласында білім саласы бойынша біршама смарт жүйелер жүзеге асырылуда. Мәселен, оқушылардың білім сапасын жақсарту мақсатында облыстағы 779 мектепте «Күнделік» жүйесі енгізілді. Сонымен қоса адами фактор мен сыбайластық әрекетті болдырмау мақсатында балғындарды балабақша мен 1-сыныпқа электронды түрде қабылдау жобасы енгізілді. Қазіргі кезде осы қызметтің арқасында 23 мыңнан астам бала қаланың балабақшаларына сәтті орналасса, тіркелу үшін 64 мыңнан астам жолдама берілген.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*