Басты » Қоғам » Биыл, Дінмұхаммед Қонаевқа 106 жыл

Биыл, Дінмұхаммед Қонаевқа 106 жыл

40 жылдай ғұмырын ел басқаруға арнап, халықтың қамын күйттеген тұлға, Қазақстанның дамуына өлшеусіз үлес қосты. Қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала тұрғызды. Бүгін, мемлекет қайраткерінің көзін көргендер ізгі қасиеттерін емірене еске алса, өскелең ұрпақ өнегелі ісінен үлгі алады.

Мен биікке қанша көтерлсем де, халықтан төмен екенімді ұмытпаймын.„ Дінмұхамед Қонаевтың өнегелі істері, тағылымы мол сөздері қашан да көпке үлгі болып, ізгілікке баулиды. Заңғар тұлға Қазақстан Ком партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болған кезеңде елдің экономикасы, мәдениетін өркендету жолында бар жігерін салды. Тыңнан тіреу тұрғызып, 43 шаһардың бой көтеруіне аянбай тер төкті. Бүгінде, Дінмұхамед Ахметұлының көзін көргендер ізгі қасиеттерін тізбектеп айтып, сағынышпен еске алады.

Ұлт құндылығын ұлықтап, болмысын сақтаған алып азаматтың атқарған ерен еңбегі ұшан теңіз. Оны өскелең ұрпаққа насихаттап, сол мұрасын дәріп жүргендердің бірі — Ержан Қалдыбаев. Қала тұрғыны, алып тұлғаның еңбек сүйгіштігі, адалдығы, қарапайымдылығы мен тектілігінен үлгі алады. Ол, Облыстық Отырар кітапханасынан арнайы орынды Дінмұхамед Қонаевқа арнап ашты. Туындыларын жинақтап, суретін арнайы салдыртты.

Ержан Қалдыбаев

Шымкент қаласының тұрғыны

Біз жас кезімізде Димекеңнің „Өтті дәурен осылай„ деген кітабы, Асанбай Асқаровтың кітаптарын оқып өстік біз. Сол кітаптар арқылы біздің жүрегімізге мемлекетке, қоғамға, ұлтқа, мәдениетке деген сезім пайда болды сол кездерден.

Дінмұхамед Ахметұлының туылған күніне орай, Облыстық Отырар кітапханасында зиялы қауым өкілдері мен жастар кездесті. Жиналғандар, тарихи тұлғаның атқарған ерен еңбектерімен танысып, рухани байыды. Олардың бірі, мемлекет қайраткерінің есімін иеленген 9-шы сынып оқушысы Дінмұхамед Әжіханов. Айтуынша, есімі игі істер атқарып, елге емірене еңбек етуі үшін күш-жігер береді.

Адалдығымен ел есінде қалған Дінмұхамед Қонаев 1993 жылы тамыз айында 82-ге қараған шағында өмірден өтті. Шымкент қаласында қоғам қайраткерінің есімі берілген көше мен мұражай бар.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*