Басты » Қоғам » Екі отбасының арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды

Екі отбасының арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды

Үш кісі Бахадүр Файзиевті бірнеше жерінен пышақтап, жер жастандырған. Қылмыс жасаған күдіктілердің ісі сотта қаралды. Үш азаматтың екеуі 15 жылға темір торға жабылып, 1- еуі сот залынан босатылды.

Мақтаралдық екі отбасы тұрмыстық келіспеушіліктердің салдарынан, 2013 жылдан бері араздасып келген. Тіпті ұрыс керіс барысында біріне – бірі қол көтеріп, дене жарақаттарын да салған. Ақыры жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталып, үш азамат айыпты деп танылды. Қылмыстық істі жіті қараған судья 21 жасар Әбен Расул мен 26 жастағы Әбенов Шаукатты 15 жылға абақтыға жапты. Ал үшінші күдікті Бақытжан Қошқаров қылмысы дәлелдебегендіктен, сот залынан босатылды.

Алайда, жәбірленушілер тарапы сот шешіміне наразылық танытып, сот залында бас көтерді. Айтуларынша айыпталушыларға тағайындалған жаза тым жеңіл көрінеді.

15 күннің ішінде аппелияциялық шағым түсіруге құқығы бар екендігін біле тұра, жәбірленушілердің туысқандары сот залын басына көтерді.

Бір жанұяны қан жылатқан қайғылы оқиға жәбірленушілердің есінен кетер емес. Марқұмның туысқандары кикілжіңнің әу баста түсінбеушіліктен басталғанын айтады.

Әбдурахман ФАЙЗИЕВ

жәбірленушінің туысы

2013 жылдан бастап, екі отбасының арасында кикілжің болған. Яғни Әбеновтардың отбасында Фарида Әбенова деген қыз болатын. Ол жеңіл жүрісті болғандықтан, менің ініммен көп қыдырған. 2014 жылы Фарида Әбенованың атасы өзінің немерелерін шақырып алған. Олар, менің қайтыс болған інімнің баласын ойнап жүрген жерінен ұрлап кеткен. Мұнан соң, ініме хабарласып, келуін талап еткен.

Естеріңізге сала кетейік, қанды оқиға 2016 жылы желтоқсан айының 25 ші жұлдызында Мақтарала аудандында орын алған. Айта кетейік, сот шешімімен келіспеген тарап 15 күннің ішінде облыстық сотқа аппеляциялық шағым түсіре алады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*