Басты » Қоғам » Парламент Мәжілісінің депутаты Анар Жаилғанова облыстық сот сараптама институтының жұмысымен танысты

Парламент Мәжілісінің депутаты Анар Жаилғанова облыстық сот сараптама институтының жұмысымен танысты

15 қаңтарда Парламент мәжілісінде елімізхдің сот сараптама институтының жұмысы туралы үкіметтік сағат өтеді. Бұл салада қандай күрмеуі шешілмеген мәселе бар? Сот медициналық сарапшылардың жұмысы халықаралық стандартқа сайма? Оны жоғары деңгейге көтеру үшін қандай шара қолдану қажет? Бұл сұрақтың жауабын Оңтүстікке іс сапармен келген халық қалаулысы Анар Жаилғанова анықтап көрді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Анар Жаилғанова облыстық сот сараптама институтының жұмысымен танысты. Бүгінде бұл мекемеде 227 қызметкер жұмыс істейді. Олардың айтуларынша өткен жылы олар 25 мыңға жуық сараптама жүргізген. Осылайша сарапшыларға міндеттелген жүктеме белгіленген нормадан 3 есеге көп болып отыр.

Сіздерді маман мәселесі, бюджет және ғимарат мәселесі алаңдатады ғой. – Иә ғимарат және материалдық техникамен жабдықтау мәселесі де бар. Министрге үлкен рахмет сот медицина, психиатрия норкология бәрін қосқаны үшін. Бұл өте ыңғайлы.

Инситут басшылығы халық қалаулысына сот сараптама жұмысын жетілдіру мақсатында қандай құралдар қажет екендігін жеткізді. Сондай-ақ ғимаратқа жөндеу жұмысын жүргізіліп, мекеме кеңейтілсе деген ұсыныс білдірді. Осылайша мұндағы қызметкерлерге қолайлы жағдай жасалады. Анар Жаилғанова сараптама нәтижесі халықаралақ стандартқа сай келуі үшін қолдан келгенше шара қолданатынын жеткізіп отыр. Анар ЖАИЛҒАНОВА ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Мәжіліс депутаттары жылына бірнеше рет сайлаушыларымен кездесіп тұрады. Біз осында жүріп қызметкерлердің негізгі мәселелермен танысамыз.

Бүгінде сарапшылардың жалақысы 80 мен 130 мың теңгені құрап отыр. Жалақы мөлшері төмен болғандықтан бұл салада маман тапшылығы да орын алуы мүмкін. Сондықтан иститут басшылығы әділет министрлігінен мамандардың еңбек ақысын көтеруді сұрайды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*