Басты » Қоғам » Шымкенттік студент күріштен энергия көзін өндіруді ойлап тапты

Шымкенттік студент күріштен энергия көзін өндіруді ойлап тапты

Қазір жас өнертапқыш өзінің жобасын Алматы қаласында қорғауда. Ол алдағы уақытта жобасын патенттеп, оны өнеркәсіпте жүзеге асырмақ. Бұл ғылыми жаңалық – Елбасы айтқан „Төртінші өнеркәсіптік жаңғырудың„ нышаны іспеттес.

Елбасының халыққа жолдауында агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейде көтеру жайы айтылған. Маңызды құжатты қазір жас студенттер де жете ұғынып,дамудың жаңа мүмкіндіктеріне бет бұруда. Агроөнеркәсіп саласы бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ- де 2 жарым мың студент білім алады. Университеттің базасында үлкен агро кешен салынған. Келешекте жастар тәжірбие жинау үшін сонда барып: жерді дайындау, өсімдіктерді егу мен жинау сынды жұмыстарды үйренетін болады.

Мағжан Исақов

ОҚМУ жастар орталығы директоры

Бізде қазір агроөнеркәсіпте оқитын студенттерді бау-бақшамен айналысатын адамдар мен тәжірбие алмастыруға жібереміз. .Одан бөлек Түлкібас ауданында біздің университеттің базасы бар. Ол жерде жастар өздерінің біліп үйренген теорияларын практика жүзінде жүзеге асырады.

Ел экономикасын көтеру отандық ғалымдарға да байланысты. Сондықтан қазір Оңтүстіктің ғалымдары көптеген ғылыми инновациялық жобаларды дайындап жатыр. Облыста химия, металлургия мен зауыттардан шыққан қалдықтарды өңдеуге арналған 4 инновациялық жоба жүзеге асуда . Деректерге сүйенсек, аймақта 138 млн тонна қалдық бар. Мамандар оларды өңдеп , жаңа құрылыс материалдары мен жердің құнарын арттыратын тыңайтқыштарды шығаруды жоспарлап отыр.

Жұмахан Мірхалықов

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры

Елбасымыздың жолдауын насихаттау үшін,біздің университетте улкен штат құрылды. Біздің ғалымдар,студенттер осы насихаттау жұмысына беделді қатысып жатыр. Біздің оқу жүйесіне қойылған тапсырмалар да өте көп.

Жолдауда ауыл шаруашылығы мәселесі де назардан тыс қалмаған. Көптеген шаруашылықтарда қазір ет,сүт өндіру жұмысы қарқын алған. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ісі жанданып келеді. Елбасы бұл салада да жаңа технологиялларды енгізуді тапсырды.

Жұмахан Мірқалықов

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры

Еттің көлеміне қарай емес, еттің сапасына қарай жұмыс істеу үшін бізде бірнеше жоба беріліп, іске асырып жатырмыз. Оның ішінде бір маңызды нәрсе қазіргі жем дайындау. Еттің, сүттің сапасын көтеретін жем. Содан соң алған етті дұрыстап өңдеп сыртқа шығару мәселелерін көтеріп отырмыз.

Жиында жастар Елбасы жолдауда айтқан 10 бағытқа жеке-жеке тоқталып, өз ойларын ортаға салды. Жалынды жастар Президент мәлімдемесінің маңызын түсініп, жолдауға қолдау білдіреміз деп тарқасты.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*