Басты » Қоғам » Шымкенттік жастар рождестволық балға ақысыз түрде қатысты

Шымкенттік жастар рождестволық балға ақысыз түрде қатысты

Славян мәдени орталығының ұйытқы болуымен қайырымдылық шара шаһарымызда осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар бал билері әлеміне еніп, өздерін ханхзада мен ханшайымдай сезінгені үшін дән риза.

Дәстүрлі қайырымдылық рождестволық балына бұл жолы 40-қа жуық жұп қатысты. Олар арнайы қойылымдық биді үйрену үшін бір айдан бері жаттыққан. Мамандардың сөзінше мәдени шараға ат салысатын жастармен жұмыс істеу қиынға соқпаған. Балды тамашалауға келген қонақтарға арнайы би бағдарламасы әзірленіпті.

Алексей Бондаренко

ұйымдастырушы

Бірінші кезекте бағдарламада, вальс, веналық испандық вальс бар. Біз совет үкіметі кезіндегі мәдениетті көрсетіп, ондағы биі мен ән өнерін жаңғыртып жатырмыз. руководитель православного молодежного клуба «Преображение» при Храме Казанской Иконы Божией Матери

Рождестволық балға қатысқандардың бірі Алина Пустовая. Оның айтуынша мәдени шараға қатысу арқылы ол классикалық биді үйреніп ғана қоймай, бұл салаға бір қадам жақын түскенін айтады. Алина балға көйлегі мен образын арнайы әзірлепте келген.

Алина Пустовая

қатысушы

Меніңше шаһарымызда осындай бал секілді шара көптеп өтуі керек. Кейбір адамдар осында өзінің өмірлік серігінде тауып жатады. Бұл өте керемет.

Шара аясында би жұптары 10 -ға жуық нөмір дайындаған. Тіпті көрермендерде би өнерінен арнайы шеберлік сабағынан өтуге мүмкіндік алды.

Сондай-ақ келушілерге мерекелік дастархан да жайылды. Ұйымдастырушылар дәстүрлі түрде өтетін қайырымдылық шарасын жыл сайын ауқымды өткізуге тырысамыз деп отыр. Тіпті балға қатысуға ниет білдіруші жастардың саныда артып келеді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*