Басты » Қоғам » 10 мың адамнан кімнің бағы жанды?

10 мың адамнан кімнің бағы жанды?

Фиркан сити„ ойын-сауықтық сауда орталығы ұтыс ойынын өткізді. Сәттілікті серік етпекке, қала тұрғындары 3 ай бойы орталықтан азық-түлік, тауарлар алып, купонға қол жеткізуге тырысты. Ұтыс ойынына асқан ыждаһаттылықпен қатысып, белсенділік танысты. Себебі, сарапқа 1 бөлмелі пәтер мен 5 ұялы телефон қойылды.

Ұтыс ойыны „Фиркан сити„ ойын-сауықтық сауда орталығының алдында 13:00-де өтіледі деп жоспарланды. Ал, қала тұрғындары алдыңғы орындарда тұру үшін, таңертеңнен жинала бастады. Пәтер алуды аңсап келгендер, 3 ай ішінде бірнеше купондарға қол жеткізіп, жеңіске жетуге ниеттенді. Бойларын толқыныс билеп, сарапқа салынған жүлделерге қол жеткізгісі келгендер қатарында жасы да жасамысы да бар.

Ұтыс ойынының басталуын жиналғандар тағатсыздана күтіп, әр сан айтылған сайын, купондарына ерекше ынтызарлықпен қарады. Ойынның әділ өтуі үшін, жеңімпаздарды қала тұрғындары анықтады. Олар, сахнаға шығып, қорапшадағы 10 мыңнан аса купонды халық алдында алды.

Ұялы телефонға қол жеткізгендердің қуаныштарын да шек болмады. Ал, „Нұрсәт„ шағын ауданындағы 1 бөлмелі пәтер сарапқа салынғанда, жиналғандар тіпті тағатсызданып кетті. Барлығының арманы баспанаға қол жеткізу. Нәтижесінде көптен күткен пәтер Эльдар Насиповқа бұйырды. Бұрын соңды ұтыс ойындарында жеңіске жетпеген ол, бұл жолы айырықша қуанды. Оның қуанышын қала тұрғындары да бөлісіп, салтқа сай көрімдіктерін берді.

Эльдар Насипов

жеңіпаз

Құдай берем десе, форточкадан береді екен. Барлықтарыңызға осындай жеңісті тілеймін. Қала тұрғындары Менімен бірге қуанып жатыр. Көрімдік берді. Жыл жақсы басталды.

Фиркан сити„ ойын-сауықтық сауда орталығы қала тұрғындарына кезекті сыйлығын ұсынуға әзір. Кезекті, ұтыс ойыны ақпан айына жоспарланған. Сарапқа 10 млн теңге салынады. Әділ өтетін ұтыс ойынында жеңіске жетуге әр үміткердің мүмкіндігі бар.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*