Басты » Қоғам » Жұлдызбен таңғы ас ТВК арнасында

Жұлдызбен таңғы ас ТВК арнасында

ТВК телеарнасының жаңа жобаларының бірі осылай аталады. Бүгінде шығармашылық топ бағдарламаның екінші шығарылымын да әзірлеп қойған. Кезекті бағдарламада Ладушки Усадьба мейрамханасының асханалық студиясына кім қонаққа келеді?

Танымал тұлғалардың асханалық өмірден хабары барма? Жұлдыздар көрерменге қандай ас мәзірін ұсынады? Бұл сұрақтың жауабын ТВК арнасынан көрсетілетін жаңа туындыдан таба аласыздар. „Жұлдызбен таңғы ас„ бағдарламасының кезекті кейіпкері « Шымкент Аруы 2017» байқауының жеңімпазы Айғаным Ниязбек. Ладушки Усадьба мейрамханасының ұйытқы болуымен іске асқан жобаның екінші шығарылымында жүргізуші Дина Елімбек пен Айғаным тәтті десерт әзірлеудің ретін айтып береді. Сондай-ақ сұлулар сайысында қандай қиындықты бастан өткізгенінде жеткізеді.

Айғаным НИЯЗБЕК

Шымкент Аруы — 2017„ байқауының жеңімпазы

Мен сәнгерлер мектебінде 2 жыл бұрын 14 жасымда жұмыс істеп бастағанмын. Мен осы салада болуды армандайтынмын. Осылайша бағымды сынап көрдім

Жеңіске жеткен 16 жасар Айғаным Ниязбек бағалы сыйлық пен тәжден басқа „Қазақстан аруы„ байқауына қатысуға жолдама алған. Үшінші мегаполистің намысын қорғайтын бойжеткен дайындықты пысықтауда.

ТВК телеарнасында „Жұлдызбен таңғы ас„ бағдарламасының кезекті шығарылымы жуырда көрерменге жол тартады. Жобада Шымкент аруының қолынан шыққан ең дәмді десерт даярлау әдісімен таныса аласыздар.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*