Басты » Қоғам » 19-қаңтар „Крещение Господне„ мерекесі

19-қаңтар „Крещение Господне„ мерекесі

Облыстық төтенше жағдай департаменті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындықты пысықтауда. Өңір бойынша діни шомылу рәсімі өтетін негізгі үш орын әзірленген. Әр бекет 8 қызметкер және 2 техникамен қамтылады.

Ежелгі дәстүр бойынша бұл мейрамда тұрғындар аязды күнге қарамастан арнайы әзірленген суаттарға суға түседі. Өйткені, бұл күнгі су түрлі ауруларға шипа болады деген сенім бар. Дәстүр бойынша қаңтардың 19-нан 20 қараған түні шомылу рәсімі өтеді. Ол үшін облыс көлемінде арнайы орындар дайындалған. Мереке кезінде құтқарушылар, дәрігерлер мен тәртіп сақшылары қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін болады. Оқыс оқиға орын алмас үшін олар тәулік бойы кезекшілікте тұрады.

Арман АСИБЕКОВ

ОҚО ТЖД ТЖ жою бөлімінің басшысы

Барлық жерде біздің қызметкерлер кезекшілікте тұрады. 8 қызметкер жжәне 2 техника. Одан басқа апаттар медициналық қызметкерлер болады. 3 қызметкер 1 техника. Біздің департаменттен арнайы техникамен кезекшілікті тексеріп, ертесіне бақ өкілдеріне ақпарат береміз

Крещение – христиандықтардың басты дәстүрі. Бұл күні адамдар дене мен жанның тазалығын қасиетті сумен жуады. Дінге сенушілер суды үйлеріне алады. Николай әкенің айтуынша, «Крещение» мерекесі кезінде мұздай суға шомылу әркімнің өз еркінде.

Николай МУНУСОВ

Казанской Божьей Матери „ храмының дін қызметшісі

Әрине шомылу рәсіміне ащы суды ұрттамай келгендері жөн. Крещение Господне мерекесіне таза ниетпен сеніммен келу керек. Бұл міндет емес, әркім өз еркімен рәсімге қатысады. Жыл сайын шомылу рәсіміне қатысушылар саны артып келеді. Олардың қатарында өзге дін өкілдері де бар. Тіпті тұрғындар төсек тартып қалған туыстарын шомылу рәсіміне қатыстырып, жазылп кеткен жағайда орын алған.

Статисикаға сәйкес бүгінге дейін, Крещение Господне мересі аясында ешқандай оқыс оқиға тіркелмеген. Мамандар суық суға шомылу барысында қауіпсіздік ережесін сақтауға кеңес береді. Мәселен өзінің физикалық қабілетіне мән беріп, қалың жұрт арасында шу шығармай кезекті сақтау қажет. Сондай-ақ рәсімді арнайы белгі бар жерде орындап, ата — аналар балаларын жалғыз қалдырмағаны абзал.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*