Сапалы қызмет - басты міндет - Шымкент жаналықтары
Басты » Қоғам » Сапалы қызмет – басты міндет

Сапалы қызмет – басты міндет

Инватакси„ қызметінің ұстанымы осы. Мүмкіндігі шектеулі жандарды діттеген жеріне уақытылы жеткізетін мекеменің бір күндік жұмысымен әріптесіміз Динара Сәрсенбаева танысып қайтты.

Инватаксидің диспетчері Айзат Бейсенова жұмыстан бір минутта босамайды.Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, мұндағы жұмысшы топ қалтықсыз қызмет көрсетеді. Инватакси жүргізушілері кей күндері қалың жауған қардың салдарынан шақыртуларға уақытылы бара алмай қалып жатады екен. Бүгінде желіде 15 автокөлік жұмыс істейді. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарды білім беру мекемелеріне , сондай-ақ ауруханалар мен басқа да жұмыстарына жеткізеді.

Айзат Бейсенова

Инватакси диспетчері

Бізге өте көп қоңыраулар келіп түседі. Күніне желіге 60 адам хабарласады. Ал оқушылар күн сайын емес, айына бір мәрте өтініш береді.

Қалалық мүгедектер қоғамы„ бірлестігінің төрағасы Вадим Тороповтың мәлімдеуінше, Инваткаси қызметіне облыста жылына 28 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар жүгінеді екен. Осыған орай басшылық мамандандырылған көліктердің санын көбейтуді қолға алған. Бүгінде Инватакси тұрағында заманауи үлгідегі шет елдік көліктер де бар. Негізгі мақсат мүмкіндігі шектеулі жандарға сапалы қызмет көрсету.

Вадим Торопов

Қалалық мүгедектер қоғамы„ бірлестігінің төрағасы

Бәрі бюджетке байланысты, біз жыл сайын қызметтің қажеттілігін анықтаймыз. Жыл сайын бұл қажеттілік артып келеді. Өткен жылы шамамен 3-4 машина қосылды. Бірақ қала шекарасының кеңейгенін ескерсек, біз қызмет көрсету ауданын 70 шақырымға создық.

Владислав Курдинов бірінші топтағы мүгедек. Бүгін оның жоспары көптен бері көрмеген достарымен кездесу.Жас жігіттің айтуынша, оған жолдастарымен кездесіп қыдырған қатты ұнайды. Сол себепті діттеген жеріне жету үшін Инватакси шақыртады.

Владислав Курдинов

бірінші топтағы мүгедек

Мен бұл такси түрін аптасына бір рет кейде жиі қолданамын. Жазда саябақтарға барамын.

Инватакси қызмет көрсету үшін тұтынушыларынан ақы алмайды. Автокөлік жүрігзушілері азаматтарды өз үйінен алып кетіп, діттеген жеріне дейін жеткізіп салады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*