Басты » Қоғам » „Эластик„ атымен танылған фабриканың қарқыны байқалмайды

„Эластик„ атымен танылған фабриканың қарқыны байқалмайды

2015 жылы экономикалық аймақта, алғаш рет шұлық шығаратын зауыт ашылған еді. „Бизнес„ және „эконом„ санатындағы өнімдер Оңтүстік Кореядан жеткізілген сапалы құрылғылар арқылы жасалған. Тұтынушылардың көңілінен шыққан шұлықтар шетел нарығына да шықты. Алайда, „Эластик„ атымен танылған фабриканың соңғы жылдары қарқыны байқалмайды. Себебін әріптесіміз анықтап көрді.

Бұрындары 4 қабатта шұлық шығарып, өнімді шетелдерге экспорттайтын зауыт қарқынды жұмыс істейтін. Қазіргі таңда, ғимарат жарнамалық тақтайшаларға толған. Мұндағы әр бөлме спорт зал, балет мектебіне айналып, ниеттілерге жалға берілген. Десе де, жұмысы бәсеңдеген „Эластик„ өнімдерін халыққа әлі де ұсынуда. Ұжым, бұрыңғы қарқынынан тайғанын, шикізат жеткізетін „Меланж„ фабрикасының жабылуымен байланыстырады. Енді, зауыт қиындықтарға қарамай 100 пайыз мақтадан жасалған шұлықтарды шығаруды жалғастырады.

Ерлерге сұранысқа арналған шұлық ие. Өте сапалы. Астаналық әскери қызметкерлер де бізге тапсырыс береді. Шетел асқан тұтынушыларымыз да іздеп келеді.

Зауыттың жұмысымен танысуға ниеттенген түсірілім топты, ұжым салқын қабақпен қарсы алды.

-А сама фабрика «Эластик»где находится?.

-ой, здесь не снимайте,а!

-Почему?.

– Хотя бы говорите вот так

«Начинаем» и как «Снимаем».

Анықтағанымыздай, шұлық зауыты 3-ші қабатта орналасқан. Ал, екінші қабатта киім шығаратын цех жұмыс істейді. 5 жылдан бері әскери мен полиция қызметкерлеріне киім тігетін көрінеді. Олар да түсірілім топтың назарына ілінбеуге тырысты. Себебі, оның ішкі көрінісі кеңес үкіметінен бері жаңартылмаған сыңайлы. Ал, 4-ші қабатты жалға алған спорт орталығы, „Эластик„ зауытының жұмысы жайлы айтып берді.

Александр Облеухов

жаттықтырушы

Біз 4-ші қабатты 2 жылдан бері жалға алып келеміз. Бізден 1 қабат төменде „Эластик„ фабрикасы жұмыс істейді. Оларға тапсырыс өте аз түседі. Жылына 4-5 рет қана шұлық шығарады. Біз Эластикте жұмыс істейтін қызметкерлерге жеңілдіктер жасаймыз.

Өкінішке қарай, зауыт директоры мен орынбасары қаладан тыс жерде көрінеді. Салдарынан, кәсіпкерлік жұмысының мұндай күйге түсу себебін біле алмадық.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*