Басты » Қоғам » Енді мемлекеттік қызметкерлер халыққа қызмет көрсету орталығына бармайды

Енді мемлекеттік қызметкерлер халыққа қызмет көрсету орталығына бармайды

Өйткені облыс көлемінде ұйымдастырылған шеберлік дәрістеріне сәйкес олар электронды түрде қызмет алу дағдыларына үйренеді. „Цифрлық Қазақстан„ жобасы аясында ұйымдастырылған семинар сабақтары екі күнге жалғасады.

Бүгінде облыстағы барлық мемлекеттік орган басшылары мамандарға мемлекеттік қызметтерді е – гов порталы арқылы электронды түрде алуды қамтамасыз етуде. Бұл жұмыс өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес орындалып жатыр. Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлер халыққа қызмет көрсету орталығына бармайды. Тиісті анықтаманы алу үшін олар электрондық үкімет порталына жүгінеді. Мамандар электронды түрде қызмет алу тәсілдерін облыс көлемінде ұйымдастырылған семинар сабақта жетік меңгеруге мүмкіндік алды.

Әли КӨМЕКБАЕВ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы

Халыққа соны толық жеткізу үшін біз Елбасы рухани жаңғыруда айтылғандай мемлекеттік қызметкерлер өзімізден бастайық дедік. Міне осы мастер класс екі күн ішінде облыста қандай мекеме бар солардан әр қайсысынан 1 мекемеден шақыртып,оны үйретіп, ертеңгі күні ол өз әріптестеріне үйрете алатындай болуы керек.

Бүгінде облыс тұрғындарының электрондық үкімет арқылы 30-ға жуық қызметті алуға мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш артып, нәтижесінде халыққа көрсетілетін қызмет түрлерін 100 пайыз цифрлық форматқа ауыстыру көзделген. Айта кетсек, мамандар твк телеарнасымен бірігіп тиісті анықтаманы үйден шықпай қол жеткізу жолдарын арнайы ролик арқылы жеткізген. Шум. Ролик электрондық үкімет

Шеберлік сабақ екі күнге созылады. 17-ші қаңтар күні оқытудан аудандық мамандар өтеді. Шараны ҚР мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің өңір бойынша департаменті ұйымдастырған. Департамент басшысының айтуынша енді семинардан өткен азаматтардың барлығы осы айдан бастап өзіне тиесілі аудандағы мемлекеттік қызметкерлер мен халықты түгел электрондық порталмен жұмыс жасауға үйретуге жауапты болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*