Басты » Тараусыз » Шымкент қаласының оқушылары мемлекеттік қызметкерлердің жұмысымен танысты

Шымкент қаласының оқушылары мемлекеттік қызметкерлердің жұмысымен танысты

Шымкент қаласында «Жас мемлекеттік қызметші» атты ерекше жоба басталды. Оған сәйкес қала мектептерінің оқушылары қалалық әкімдікте екі күн бойы болады. Ондағы мақсат – қала әкімінің жұмысымен танысу және мегаполисті басқару ісіне қатысу.

2018-01-17-19-39-08-456

17 қаңтар күні оқушылар қалалық әкімдікпен жақын танысып, шаһар басшысы Нұрлан Сауранбаевпен кездесті.

img_20180117_201719_614

– Мемлекеттік қызметкердің жұмысы оңай емес, – дейді шаһар әкімі. – Мен сіздердің әкімдіктегі нақты жұмыспен жақын танысқандарыңызды қалаймын. Кейін достарыңыз бен жақындарыңызға айтсаңыздар болады. Олар да қалалық әкімдіктің жұмысы туралы хабардар болсын.

img_20180117_201719_612


Әкіммен кездескен оқушылар естелікке суретке түсті. Енді жобаға қатысушылардың арасынан біреуі қала әкімінің жанында жүреді. Қалған оқушылар әкімнің орынбасарлары, аудан әкімдері, бөлім жетекшілері мен депутаттардың рөлін атқарады.

img_20180117_201950_203

Осы мақсатта оқушылар өздері таңдаған мемлекеттік қызметкерлермен күні бойы бірге болып, қызметтерімен танысады. Шымкентте алғаш рет қолға алынған жобаның мақсаты – әкімдіктің жұмысын ішкі жағынан көрсету ғана емес, жастарға мамандық таңдауда көмектесу.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*