Басты » Қоғам » Оңтүстікте 150 дәрі жыл соңына дейін қымбаттамайды

Оңтүстікте 150 дәрі жыл соңына дейін қымбаттамайды

Оңтүстік Қазақстан облысында халық ең көп қолданатын 150  дәрі  жыл соңына дейін қымбаттамайтын болды.  Бұл  облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Даму» фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы арасында қол қойылған меморандум нәтижесінде  жүзеге асады. Ынтымақтастық  келісімі – қарапайым халық арасында кеңінен қолданысқа ие 150 түрлі дәрілік заттар мен медициналық өнімдердің бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жүзеге асырылды.

Облыс әкімдікте өткен меморандумға қол қою шарасына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен дәріхана ұйымдары тарапынан 40 фармацевтикалық ұйым басшысы қатысты. Енді отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруші компаниялар мен шетелдік тауарлардың ресми дистрибьюторлары 150 дәрілік заттың бағасын жыл соңына дейін көтермейтін болып келісті.  Бұл халық басы ауырып балтыры сыздағанда жиі ішетін, ауырсынуды дене қызуын басатын медициналық препараттар болып табылады.

Меморандум мақсаты – облыс халқын қолайлы бағада сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету, әрі өзара ынтымақтастық орнату.

Меморандумға 150 түрлі дәрі-дәрмек енгізіліп отыр. Қол қойылған  Меморандумның нәтижесі аясында 2017  жылға қарастырылған дəрі – дәрмектердің 150 атауының ішіндегі 13 түрінің бағасы едәуір төмендетіледі. Бұл дәрілердің әлеуметтік маңызы зор. Осылайша біз облыс тұрғындарының басым бөлігіне қолдау көрсетеміз. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдап, келісімге қол қойып отырған дәріхана басшыларына Оңтүстік жұртының атынан ризашылығымды білдіремін», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Ортақ мақсаттағы келісімге сәйкес жүрек-қан тамырлары ауруына, қабынуға қарсы, анальгетиктер, антигистаминдер, асқазан мен гипотензивті препараттар, көз және құлақ тамшылары мен дәрумендердің бағасын бір деңгейде ұстап тұруды мекеме өкілдеріне өз жауапкершіліктеріне алып отыр. 

Фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің басшысы Л. Қашқымбаева ірі тасымалдаушы фирмалармен келісім-шарттар жасалып жатқанына тоқталды. Сондай-ақ дәріханалар желілерінің әлеуметтік жауапкершілігі турасында атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.  Кездесуге қатысушылар тиісті меморандумға қол қою халық арасында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды қадам деп отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*