Зоя Гладкова „Таланттар шоуында„ бақ сынауда - Шымкент жаналықтары
Басты » Қоғам » Зоя Гладкова „Таланттар шоуында„ бақ сынауда

Зоя Гладкова „Таланттар шоуында„ бақ сынауда

Оңтүстіктің талантты цирк әртісі Зоя Гладкова халықаралық байқаудың келесі кезеңіне жолдама алды. Ол Түркияда өтіп жатқан „Таланттар шоуында„ бақ сынауда. 5 елдің үздіктері өнер көрсетіп жатқан додада жерлесіміз өзгеден өз дарынымен ерекшеленіп, жеңіс тұғырына бір табан жақындай түсті.

Бұл бейнеролик Зоя Гладкованың алғашқы кезеңде көрсеткен өнері. Әуеде торлы арқанмен күрделі қимылдарды жасап,әділ-қазылардың көңілінен шықты. Талантты әртіс 5 жылдан бері осы саланың қыр-сырын меңгеріп келеді. Ол бұл байқауды ғаламтордан көріп, бақ сынауға бел буған.

Зоя Гладкова

цирк әртісі

Конкурс өте керемет өтті. Мен әуеде тормен өнер көрсеттім. Қатысушылар әр-түрлі елдерден келді. Қазір дайындығымды пысықтап жатырмын. Жартылай финалда „Әуе шеңбері„ номерін көрсететін боламын. Егер маған үш әділ қазының екеуі „ия„ десе жеңіске жете алам. Жеңістен үмітім көп әрине.

Байқауға 5 елден 40- тан аса цирк өнерінің шеберлері қатысқан. Әр қайсысы әр түрлі жанрда өнер көрсетті. Ал ақтық сынға 15 қатысушы жолдама алды. Тартысқа толы болған шоу, Түркияның тұрғындарын да таң қалдырған.

20 жастағы бойжеткеннің осыған дейін жеткен жетістіктері де аз емес. Ол Халықаралық бірнеше байқауларда оза шауып, жүлделі орындарды иеленген. Осыған дейін ол Қытай елінде болып, шеберлігін шыңдап келген.

Қаңтар айының 25-жұлдызында сайыстың келесі кезеңі басталады. Талантты әртіс ақтық сындап „ Әуе шеңбері„ бағдарламасын ұсынбақ. Бүгінде дайындығын пысықтап, соңғы жаттығуларын өткізуде. Өз өнерін өзге елде мойындатып жүрген жерлесімізге біз де сәттілік тілейміз.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*