Басты » Қоғам » Туу туралы куәлікті үйден шықпай-ақ алуға болады

Туу туралы куәлікті үйден шықпай-ақ алуға болады

Жағымды жаңалық. Бұдан былай жаңа туған нәрестенің туу туралы куәлігін үйден шықпай-ақ “смс” хабарлама арқылы онлайн рәсімдеуге болады. Бүгіннің өзінде облыс бойынша 100-ге жуық ана осы жүйе арқылы сәбиінің төлқұжатын алып үлгерді. Жаңа жүйе «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр. Жаңа әдісті қолданудың тәртібімен тілшіміз Азиза Мадияр танысып қайтты.

15 қаңтар күні егіз қыздарын дүниеге әкелген қала тұрғыны Гүлсім Құтжанова проактивті әдіс бойынша туу туралы куәлікке қол жеткізген ананың бірі. Тұңғыштарын босанған күні-ақ Гүлсімнің ұялы телефонына 1414 нөмірінен құттықтау смс хабарламасы келген. Артынша 30 жасар әйел отбасымен ақылдасып нәрестелердің толық аты жөнін хабарлама арқылы жіберіпті. Енді анықтама қағаздарын жинап, құжаттарды ХҚКО-ға өткізудің қажеті жоқ. Уақытты үнемдейтін жаңа жүйе босанған ана үшін өте тиімді.

Гүлсім ҚҰТЖАНОВА

егіздердің анасы

Ол жақтан маған хабарлама келді, қызды болуыңызбен құттықтаймыз деп. Аты жөнін теріңіз деді. Екі қызымның атын. Сол 1414-ке екі қызымның аты жөнін толық жазып жібердім. Айша екінші қызым, Еңлік болды. Мысалыға мен қазір туу туралы куәлігін алсам артынша смс келді, балабақшаға тіркеуге болады деген. Біз кезекке де тұрып алдық.

Азиза МАДИЯР

тілші

Проактивті қызмет түрі республика көлемінде жаңа жылдан бастан іске асқан болатын. Енді жаңадан босанған әйелдер туу туралы куәлікті жасату үшін ХҚКО сандалмайтын болды. Өйткені бұл жүйе енді смс хабарлама арқылы іске асады. Бүгінде осы қызмет бойынша 100-ге жуық ана құжатқа қол жеткізген. Мәселен бүгінде Айша мен Еңлік те жаңа жоба арқылы құжатына ие болып отыр.

Гүлсімнің сәбилеріне 3 күнде дайын болған құжатты ресми түрде ОҚО бойынша ХКҚО департаментінің директоры Еркебұлан Әлсейітов табыстады. Айтуынша бұл қызметке жүгіну үшін ата аналар телефон нөмірін егов порталындағы жеке кабинетіне тіркеуі тиіс. Бүгінде бұл порталға 600-ден астам жанұя тіркелген. Әзірге жаңа жоба аясында, нәрестенің құжатын алу, жәрдемақыны рәсімдеу мен балабақшаға кезеккке қою қызметтерін алуға болады.

Еркебұлан ӘЛСЕЙІТОВ

Азаматтарға ОҚО бойынша ХКҚО департаментінің басшысы

Сонымен қатар баланы балабақшаға кезекке тіркеу, жәрдемақы төһлеубойыншада практивті әдіс бойынша қызмет көрсетіледі. 202+213 Бірінші хабарлама келеді аты жөнін , кейін балабақшаға тіркеу туралы, жәрдемақы тура сал сияқты банк счет нөмірін жібереді, соған қанша ақша түскені смспен келеді. Құжат өткізудің қажеті жоқ

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі біріккендіктен, қазір жаңа туған азаматты тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келіп отыр. Баланың ата-анасы тек дайын болған құжатты алып кету үшін ғана орталыққа келеді. Дегенмен қазір Қазпочта арқылы ақылы түрде куәлікті үйге жеткізу қызметі көрсетіледі. Оның құны мекен жайдың орналасқан жеріне байланысты белгіленеді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*