Басты » Мәдениет » „Жастар театрына» іріктеу басталды

„Жастар театрына» іріктеу басталды

Театрдың әртісі атануға 100-ден астам жас талант өтініш білдген. Алғашқы іріктеуге 50-ден астам үміткер қатысты . Үміткерлердің 20-сы ғана тератрдың әртісі атағына ие болады.

Жастар ресурстар орталығына жиналған бойжеткен мен бозбаланың қарасы қалың. Өйткені мұнда кіл мықты мен шын мықтыны іріктеу жұмысы басталып кеткен. Бірі ән айттып, өлең оқыса, енді бірі кейіпкер образын сомдап, көзіне жас алды. Мақсаттары бір, яғни жаңа тетрдың қабырғасында өнер көрсетіп, халықтың қошеметіне бөлену. Осыны мақсат тұтқандардың бірі Дана Қалмырза. Өзі адуарма ісі мамандығында оқыса да, театр өнеріне деген қызығушылығы басым.

Дана Қалмырза.
студент
Менің әртіс болу бала кезгі арманым. Бұл жолға барымды беруге дайынмын. Басты рөлде ойнамасам да, волонтер болсам да жетеді.

Айта кетейік бағын сынамаққа келгендердің басым бөлігі студенттер. 7 сағатқа созылған іріктеу шарасы 3 кезеңнен тұрды. Ән, импровизация және қара өлең оқу. Іріктеуге 18 жасқа толмағандар қатыса алмады. Өйткені талап солай болатын.

ОРАЛ ҚАМАЛ
Шымкент жастар театырының жетекшісі
Бүгінгі іріктеуге арнайы облыстық тетрдың еңбек сіңірген әртістері келді.

Жуырда ғана құрылған өнер ордасы келесі айдан бастап облыстың шалғай аудандарына гастрольдік сапарға шығатын болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*