Басты » Қоғам » Елімізде əрбір жетінші ерлі-зайыпты бала сүюге қауқарсыз

Елімізде əрбір жетінші ерлі-зайыпты бала сүюге қауқарсыз

Бұдан былай “құтыдағы баланы” дүниеге əкелетін аналар қымбат тұратын дəріні сатып алмасада болады. Яғни эко арқылы бала сүйгісі келетін отбасылар қалтасынан көп қағылмайды. Елімізде аз шығынды экстракорпаральді ұрықтандыру əдісі жүзеге асуда. Репродуктивті медицина саласындағы өзекті жаңалықтар ғылыми конференцияда талқыланды.

Елімізде əрбір жетінші отбасы бала сүюге қауқарсыз. Басты себеп– бедеуліктің белең алуында, дейді мамандар. Бірақ жасанды ұрықтандыру арқылы мұныңда өз шешімі табылған. Тек оның бағасын кез-келгеннің қалтасы көтере бермейді. Сондықтан 2010 жылдан бері мемлекет қолдау көрсетуде. Алайда жыл сайын бөлінетін квота қазақстандықтарға жеткіліксіз.

Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА

Қазақстандық алғашқы “құтыдағы баланың” авторы, биология ғылымдарының докторы

Соның ішінде квота мәселесін айтсақ, өйткені барлық адам ақылы жасауға мүмкіндік жоқ. Квота жыл сайын көбейгенімен биылға 900 квота, бұл қазақстан үшін аз. Сондықтан оғанда ат салысып жатырмыз. Бірақ соған көпшілікке тиімді ету үшін ері мен әйелі экоға жүгінсе, оларға тиімді мүмкіндік беретін әдістер бар.

Десе де квотаға ілігудің де өз талаптары бар. Мәселен, ең бірінші – ерлі-зайыптылардың эмбрионы дамып жетілуге қауқарлы болуы тиіс. Мейлі, аз пайызға болса да. Әйтпесе, суррогаттың көмегіне жүгінуге тура келеді. Екінші, некесі заңдастырылған Қазақстан азаматтары болуы шарт.

Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА

Қазақстандық алғашқы “құтыдағы баланың” авторы, биология ғылымдарының докторы

Квотаға 700 мың теңге бөлінеді. Оның басым бөлігі дәріге кетіп қалады. Ол қымбат. Соның өзінде орталықта 350мың теңгенің айналысында ол организге байланысты.

Бұдан былай балалы болғысы келетіндер аз шығынды экстракорпаральды ұрықтандыру əдісіне шет ел аспай, Шымкентте де қол жеткізе алады. Мамандардың сөзіне сенсек, азаматтар дəріге көп шығындалады екен. Өйткені препараттар Еуропадан сатып алынады. Қазақстанда осы дəрі дермекті шығаруға да мүмкіндік бар, дейді Германиялық маман.

Маркус НИЦЩКЕ

Германия/ Испания елінің репродуктолог дəрігері

Біз қазір табиғи экомен айналысып жатырмыз. аз дәрі беріп эконың бағасын азайтамыз. Бірақ одан сапа түспейді. Негізі дəріні сатып алу қымбатқа түседі. Сондықтан Қазақстанда экодан қарағанда дəріні алам деп қалтасынан қағылады . Бірақ неге оны өздеріне шығармасқа? Ғылыми конференцияда мен Германия Испаниядағы репродуктивті саладағы көптеген жаңалықпен бөлісемін. Ғылым бір орында тұрмайды. Сондықтан əрқашан тәжірибе алмасу керек.

Жалпы бұл әдіспен əлемде 6 млнға жуық бала дүниеге келсе, елімізде бұл көрсеткіш 15 мыңнан асады. Еске салайық, ең алғаш «ЭКО» тәсілімен дүниеге келген ұлыбринатиялық қыздың жасы қазір 40-та. Ал, біздің елімізде туылған нәресте бүгінде 22 жасқа толды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*