Басты » Қоғам » Шымкенттегі православтар Қошқар ата өзеніне жиналды

Шымкенттегі православтар Қошқар ата өзеніне жиналды

Православтар 19-шы қаңтар күні Шоқыну мерекесін тойлады. Яғни, христиандар шіркеулерде Құдайға құлшылық етіп, мұздай суға шомылады. Биыл, Шымкенттегі православтар Қошқар ата өзеніне жиналды. Бұл күні олар дұғамен аластатылған суға түсіп, мұның пайдасы орасан зор деді. Әрі адам баласы күнәдан арылып, дертінен айығатын көрінеді. Ал, өзенге келіп, суға шомылушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін арнайы мамандар қадағалап тұрды. Биыл да дәстүрлі рәсім кезінде төтенше жағдай мен құқықбұзушылық әрекеттері тіркелмеді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*