Басты » Қоғам » ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖАҢА ӨКІЛ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖАҢА ӨКІЛ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

19 қаңтар күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бұйрығымен Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы және «Оңтүстік Қазақстан облысы» орталық мешітінің Бас имам болып тағайындалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан жұма намазында мешіт ұжымы мен жамағатқа жаңа өкіл имамды таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.

Осыған дейін ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы қызметін атқарған Керімбек Ахметжан Пірәліұлы бірінші наиб имам және іс басқарушы болып тағайындалды. Оның атқарған қызметіне құрмет көрсетіліп, қазақы салтпен иығына шапан жапты.

Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы

1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Білімі:

1992 жылы Өзбекстан Республикасы Әндіжан қаласы «Сайд Мухиддин Махдум» медресесінде білім алған;

1996 жылы Ташкент қаласындағы «Имам Бухари ислам институтының» «Исламтанушы», «Имам хатиб», «Араб тілі мұғалімі» біліктіліктері берілді;

2012 жылы «Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университеті» «Философия және саясаттану» факультетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистранты;

Диссертация тақырыбы: «Жеке тұлғаның қалыптасуындағы исламның моральдық маңызы»;

2016 жылы «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің PhD докторанты;

Диссертация тақырыбы: «Қазақстандағы ислами білім: тарихы, қазіргі күйі және даму келешегі»

Жұмыс тәжірибесі:

1996-1998 ж. ОҚО Сарыағаш ауданы, Түмен ата мешітінің бас имамы;

1998-2003 ж. ОҚО Сарыағаш ауданы, М.П.Окороков атындағы орта мектептің араб тілі мұғалімі;

2003-2005 ж. ҚМДБ-ның Діни оқу-ағарту бөлімінің референті;

2005 ж. Алматы қаласы, Нұр Мүбарак мешітінің Бас имамы;

2005 ж. Сәуір айынан Астана қаласы С.Ғылмани мешітінің Бас имамы;

2013 ж. Алматы қаласы орталық мешітінің наиб имамы.

2014 ж. Қаңтар айынан бері ҚМДБ-ның діни білім және ғылым (қазіргі таңда діни білім және кадр дайындау) бөлімінің меңгерушісі.

Біліктілікті арттыру курстары:

«Білім мен біліктілікті жетілдіру курсы» (ҚМДБ, Астана қаласының өкілдігі, 2012), «Зайырлы мемлекет және дін» (Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2012), «Біліктілікті арттыру курсы», (Алматы қаласы, «Нұр-Мүбарак» университеті,

2014), «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа форматтағы педагогі» тақырыбындағы оқытушылардың біліктілігін арттыру курсы (Астана қаласы, 2017).

Еңбектері:

Мұхаммад Ашиқ әл-Барна. Тасхил әд-Дарури (Шариғат мәселелері) кітабының араб тілінен аудармасы, 2005 ж.;

«Рухтың шамшырағы» имамдарға арналған жұма уағыздарының жинағы, 2008 ж.;

«Ислам ақидасы» діни оқу орындарына арналған оқулық, 2011ж;

Ортағасырлық араб-мұсылман ғалымы Әбу Хамид әл-Ғазалидің шығармаларындағы «Көркем мінез» мәселесі. – Астана, 2011ж: «Ғылым және білім ғасыры» атты ғылыми жұрналы;

«Құрандағы мораль мәселесі» – Астана, 2012ж. «Зерттеуші» ғылыми жұрналы;

15 қараша 2015 жылы қабылданған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі діни білім беруді дамыту тұжырымдамасының авторы;

19 сәуір 2017 жылы қабылданған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының«ХХІ ғасырдың зияткер имамы» тұжырымдфамасының авторы;

ҚР БҒМ 2015 жылғы тамыздағы № 3 хаттамасымен бекітіліп, ҚМДБ оқу орындарында қолданысқа енгізілген «0112000–ИСЛАМТАНУ» мамандығы бойынша Техникалық және кәсіптік білімнің эксприменттік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларының авторы;

ҚР БҒМ 2018-2019 оқу жылы ҚМДБ оқу орындарында қолданысқа арналған «0112000–ИСЛАМТАНУ» мамандығы бойынша Техникалық және кәсіптік білімнің типтік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларының Бас сарапшысы;

100-ге жуық әртүрлі діни-ағартушылық,танымдық тақырыптағы мақалалардың авторы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*