244 қызметкер əскери тәртіп пен заңды бұзып жауапқа тартылған - Шымкент жаналықтары
Басты » Қоғам » 244 қызметкер əскери тәртіп пен заңды бұзып жауапқа тартылған

244 қызметкер əскери тәртіп пен заңды бұзып жауапқа тартылған

Оңтүстікте Төтенше жағдай департаментінің бір жылдың ішінде 244 қызметкері əскери тәртіп пен заңды бұзып жауапқа тартылған. Ал теріс қылық жасаған 8 қызметкер жұмыстан босатылды. Төтеншеліктер Қр Əдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша атқарылған жұмыс нəтижесін баспасөз мəслихатында жариялады.

Департаментте заңдылықты, тәртіпті сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шара тұрақты əрі жоспарлы түрде іске асады. Мақсат – заңды елемеген,тəртіпті бұзуға бейім қызметкерлерді анықтау. Есептік жиында баяндама жасаған бас маманның сөзінше өткен жылы псизодиогностикалық тексерулер мен жеке сұхбаттар 24 рет атқарылыпты.

Бекзат ҚАМБАРОВ

ОҚО ТЖД кадр жұмыстары бөлімінің басшысы

Заңдылық пен қызметтік тәртіпті күшейту бойынша бірқатар іс шара қабылдадық. Айта кетсек, маусымды республика көлемінде бірінші рет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша айлығын өткіздік. 45 + 122 теледидар арқылы ауқымды жұмыс жүргізілді, 74 рет 240 рет радиодан баспасөз беттерінде 150 мақала жарияланды.

Қызметтік құқықтық даярлық шеңберінде төтеншеліктер 100-ге жуық семинар лекция сабақтарын өткізген. Тіпті өңірлік мамандар жемқорлықтың алдын алу бойынша айлық шараны алғашқылардың бірі болып қолға алған. Сондай-ақ республика көлемінде бастау алған „Біз болашақты сыбайлас жемқорлықсыз құрамыз„ акциясы аясында 15 бейнеролик түсірілген.

Алайда іске асып жатқан жұмысқа қарамастан әскери қызметтік тәртіпті бұзып, заңды елемейтін қызметкерлер де бар. Мәселен департаментте өткен жылы теріс қылық танытқан 8 қызметкер жұмыстан босатылған. 2016 жылмен салыстарғанда бұл көрсеткіш 53 пайызға төмендеген.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*