Басты » Қоғам » Көне қалаларды жаңғыртатын деректі фильмнің тұсауы кесілді

Көне қалаларды жаңғыртатын деректі фильмнің тұсауы кесілді

Деректі фильм, Қытайдан басталып, Қиыр шығыс, Еуропа елдеріне беттеген керуенді негізге алған. Яғни, Ұлы Жібек жолы Қазақстаннан өткенін ескеріп, тарихи ізі қалған мекендерді таспалаған. Бұрын соңды ел аузында жүргенімен назарына ілінбеген шаһарлар да түсірілген. Тарих қойнауына бойлатар туынды жайлы әріптесім тарқатады

Оңтүстік — еліміз бойынша тарихи, мәдени нысандары басым аймақ. Десе де киелі орындарды насихаттап, тарихына бойлатар жобалар жетіңкіремейді. Бұл олқылықтың орнын „Сақ„ кино студиясы толтырмаққа, „Ұлы Жібек Жолы бойындағы көне қалалар„ деректі фильмін түсірді. 25 минутқа созылған туындыда „Ұлы жібек жолы„ керуенінің бойында орналасқан қалалардың тарихи тереңдетіле айтылады. Олардың сапында өркениеттің өзегі болған, өнеркәсібі өркендеген Отырар, Сауран, Қарауыл төбе, Күл төбе енген.

БАТЫРХАН ДӘУРЕНБЕКОВ

“Оңтүстік фильм”мекемесінің директоры

Күлтөбе күнде жиын деген сөзді жиі естиміз. Ал, бірақ Күлтөбе қайда орналасқан, бұл қандай төбе екенін ешкім көзбен көрмеген. Фильмде маңызды — маңызды төбелер мен қалашықтардың орнын көрсеттік.

ЗКТ: Тарихи туындыны түсірілім топ жаз бойы таспалады. Күндіз — түні міз бақпай киелі жерлердің әр тау-тасына қызыға мән берді. Сондай-ақ, Қазақстан мен Еуропа, Азия елдері арасындағы тарихи көпірді қайта жандандырып, туризм, орта және шағын бизнестің шарықтауына сеп болар „Жаңа жібек жолы„ жобасын да қамтыды. Деректі фильмді түсіруге облыс бюджетінен 2 млн 900 мың теңге бөлінді.

БАТЫРХАН ДӘУРЕНБЕКОВ

“Оңтүстік фильм”мекемесінің директоры

Бұндай деректі фильмдерді 10-15 млнға қазақ фильмде түсірді. Мен мұны анық білемін.

Биыл, „Оңтүстік-фильм„ мекемесінің жетекшілігімен „Ордабасы„ жайлы анимациялық фильмді ел назарына ұсынбақ. Әл Фарабидің туған жері Оқсыз қаланың да тарихын танытпақ. Сондай-ақ, түркиялық киногерлермен бірлесіп, Қожа Ахмет Яссауи жайлы туынды түсіруді жоспарлап отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*