Басты » Тараусыз » “Қазақстан Халық Банкі” ерекше акция жасады

“Қазақстан Халық Банкі” ерекше акция жасады

Қаржы мекемесінің 95 жылдығына орай бастау алған марафон аясында шымкенттіктер мұз сарайында ақысыз сырғанауға мүмкіндік алды. Алдағы уақытта мұндай шаралар білім, мәдениет, ғылым саласында да жалғаспақ.

«Қазақстан Халық Банкі» тұтынушылардың игілігі үшін 95 жылдан бері табысты қызмет атқарып келеді. Бүгінде мекеме қызметкерлері республика көлемінде айтулы датаны кең көлемде атап өтуде. Ал банктің оңтүстіктегі филиалы мерейтойды тұрғындармен бірге тойлауды жөн санапты. Мерекеге орай, мұз сарайында салтанатты шараның ашылу рəсімі өтіп, көрерменге ерекше концерттік бағдарлама да əзірленді.

Ал концерттік бағдарламада өнер көрсеткен бүлдіршіндерге банк тарапынан арнайы кубок табысталды.

Сондай-ақ тұрғындар бүлдіршіндерден құралған хоккей командасының ерекше ойынын тамашалады. Мерейтой қарсаңында шымкенттіктер екі күн бойы мұз айдынында ақысыз түрде сырғанауға мүмкіндік алды. Өйткені шығынды толық Қазақстан Халық Банкінің облыстағы филиалы өз мойнына алған. Осылайша еліміздегі сенімді “Қазақстан Халық банкі” салауатты өмір сүру салтын қолдайтынын тағы бір рет дәлелдеді.

Дербісәлі ЖЕТПІСБАЕВ

Қазақстан Халық Банкі„ ОҚО бойынша филиалының директоры

Міне мерейтойды атап өту қарсаңында біз бүкіл Қазақстан бойынша оның ішінде ОҚО бойынша 95 игі іс шара марафонын бастағалы отырмыз. 319+ 356 Мен облыс тұрғындарына жалпы халыққа бізге сенім артқанына алғыс білдіремін. Алдағы уақытта денсаулықтарыңыз мықты болсын, тек жақсылыққа жетіп, шатққа кенеліңіздер. Үлкен рақмет

Соңғы технологиялармен салынған мұз айдынында бір мезетте 300-ге жуық адам конькимен сырғанай алады. Дегенмен демалыс күндері акцияға қатысам деушілердің қатары көп болғандықтан, тұрғындар кезекпен мұз сарайына кіріп тұрды. Алдағы уақытта „ 95 игі іс шара„ марафоны білім, ғылым, мәдениет саласындада жалғасын табатын болады.

Азиза МАДИЯР

тілші

Ақысыз түрде мұз айдынында сырғанауға еңбектеген баладын еңкейген қартқа дейін келіп отыр. Оларға мұндай мүмкіндікті „Қазақстан Халқ банкі„ беріп отыр. Биыл Халық Банкке 95 жыл толған. Осы мерейтойға орай арнайы акция 20 қаңтарда бастау алды. Мұнда хас шебер мен аяғына конькиді алғаш киген азаматтарда бар. Алайда олардың қамында ойлап қойған. Өйткен сырғанауды білмейтін тұрғындармен арнайы жаттықтырушылар жұмыс жүргізуде.

Айдана Аманова шараға қатысқан тұрғындардың бірі. Бойжеткен осы демалыс күндері естен шықпастай болғанын айтады. Сондықтан ол Қазақстан халық банкіне алғысын білдіруде.

Айдана АМАНОВА

қала тұрғыны

Үлкен рахмет осындай мүмкіндікке, сырғанап, өзімді еркін сезініп отырғаныма рақмет.

Қазақстан Халық Банкі„ ұйымдастырған акция екі күнге созылды. Тұрғындар таңғы сағат он бірден кешкі 11 -ге дейін конькимен сырғанап, көтеріңкі көңіл күйге кенелді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*