Басты » Қоғам » «Ауыл шаруашылығына берілетін субсидия 240 млрд. теңгеге жеткен

«Ауыл шаруашылығына берілетін субсидия 240 млрд. теңгеге жеткен

Қазақстан Республикасының вице-премьері, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Оңтүстік Қазақстан облысына іс- сапармен келді. Министр Елбасы жолдауындағы бағыттар бойынша аймақта атқарылып жатқан шаралармен танысты. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды аралап , шаруа қожалықтардың басшыларымен кездесті.

Еліміздің бас арграры әуелі Ордабасы ауданындағы «Бөрте милка» сүт-тауар фермасында болды. Инвестиция құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын сүт фермасында бүгінде 30 адам жұмыс жасайды. Гольштейн фрейс тұқымды 400 сиырдан жылына 4 мыңнан тоннадан астам сүт өндіреді. Айта кетерлігі, бұл – аймақта алғаш рет озық технологияны пайдалана отырған кәсіпорын. Мұнда сиырдың сауынын жуу, сүтті сауу жұмыстарын толық робот техника жүзеге асырады. Сапар барысында Өмірзақ Естайұлы өңірдің шаруаларымен кездесіп, көкейде жүрген мәселелеріне қанықты.

Өмірзақ Естайұлының айтуынша, «Ауыл шаруашылығына берілетін субсидия бүгінгі таңда 240 млрд.теңгеге жеткен. Бұл Елбасының аталған салаға деген қамқорлығы. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін 2,5 есеге көбейту керектігін тапсырды. Бұл тұрғыда Оңтүстік өңірі – аграрлы аймақ екендігін ескеру керек. Яғни ет, сүт, мақта өнімдері мен бақша дақылдарының өнім көлемін арттыру қажет . Ол кооперативтерді дамыту арқылы жүзеге асады.

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласымен танысқан Өмірзақ Естайұлы шаруалардың жасаған ұсыныстары үкіметтік деңгейде қаралатындығын жеткізді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*