Басты » Қоғам » Каспий банкты тонаған азаматтың ісіне нүкте қойылды

Каспий банкты тонаған азаматтың ісіне нүкте қойылды

Айыпталушыға қатысты іс, қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Күдіктіге Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматылық тұрғын Каспий банкты тонап, байлыққа кенелмек болғаны үшін сотты болды. Оған тонау және қару алып жүру бабымен айып тағылып, қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде жазасын өтейтін болды. Ол, бұған дейін де, Алматы қаласында Каспий банкты тонап, 4 млн теңгеден аса шығын келтірген. Ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жаратқан. Күдікті сол әрекеті үшін абақтыға тоғытылды.

Сот үкім етті. ҚР ҚК 192 бабының 4 бөлігі, 2 тармағымен 11 жылға бас бостандығынан айыра отырып, мүліктік тәркілеу жазасы қолданылсын. ҚР ҚК 287 бабының 3 бөлігімен 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылсын. Оған 58 бабы арқылы түпкілікті мүлкін тәркілеу арқылы 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Данил Коломейцев қылмыс жасамас бұрын, өз жоспарын пысықтап алған. Өйткені, ол, 2013 жылдары Алматы қаласында инкасатор болып қызмет атқарған. Яғни, банк жүйесінің қызметін толық меңгерген. Судьяның сөзінше, сотталушы қылмыстық іске әлеуметтік жағдайының жетіспеушілігінен барған. Қазіргі таңда айыпталушы іс әрекеті үшін өкініп отыр.

Естеріңізuе есетіріңізге сала кетейік, 13- ші қазан күні қаладағы банктердің біріне бетін тұмшалаған ер азамат кіріп,шабуыл жасаған еді. Ол қолына балта алып, «жарылғыш пакетке» ұқсас затты еденге тастап, банк қызметкерлерінен ақша талап еткен. Бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мұнан соң күдікті кассадағы 16 млн теңге мен 23 мың АҚШ долларын және 8 500 Ресей рубльін алып, белгісіз бағытта ізін суытқан. Күдікті көп ұзамай 10 күннен соң қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде қолға түскен.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*